Архив событий

13/04/2016

Сот балалардың тұрғылықты жерін анықтап берді

13/04/2016

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аударалық соты ата-ананың екі жасөспірімнің тұрғылықты жерін анықтау туралы дауын шешті.

Кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім

13/04/2016

Жаңақала аудандық соты жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы қылмыстық істің үкімін жариялады.

Қылмыстық іс сотқа Жаңақала ауданының прокуроры мен сотталушы арасында ҚР ҚК-нің 106-бабы  3-бөлігі бойынша  жасалған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім бойынша түскен.

Дау медиация тәртібімен реттелді

13/04/2016

Жеке кәсіпкер жауапкердің жеткізілген тауарларға ақы төлеу міндеттемелерін орындамауына байланысты пайда болған 607 305 теңге мөлшеріндегі қарызды ЖШС-нен өндіріп алу туралы талап арызымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша "дөңгелек үстел" өтті

13/04/2016

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Сейдахметова "Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және әкімшілік реттеуді даулауда заңнаманың тиімділігі сондай-ақ, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша" тақырыбында өткен "дөңгелек үстелге" қатысты.

Жасөспірімдер соты девианттық тәртіпті балаларға арналған арнайы оқу мекемесіне жіберу туралы үш істі қарады

13/04/2016

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сәуірдің 1-нен 8-не дейінгі аралықта девианттық тәртіпті балаларға арналған арнайы оқу мекемесіне жіберу туралы үш азаматтық іс қаралды.

Дау сот медиациясы тәртібімен шешілді

13/04/2016

БҚО Сырым аудандық соты жол көлік оқиғасынан келтірілген материалдық және моральдық  шығындарды өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Сот талқылауында тараптар осы іс бойынша дауды бірінші сатыдағы сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын мәлімдеп, келісімді бекітуді сұрады.

Ұсақ бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартылды

13/04/2016

Батыс Қазақстан облысының Сырым аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 б. 1 б. (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы орталық аурухана ғимаратының алдына темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әрекет жасаған.

Сот қылмыстық істі келісімдік іс жүргізу тәртібімен қарады

13/04/2016

Бөкей ордасы аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 б. 4 б. 3 т. бойынша (аса ірi мөлшерде жасалған ұрлық)  қылмыстық іс қарады.

Іс материалдары бойынша сотталушы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің аумағында бөтен мүлікті жасырын ұрлау мақсатында еркін жайылыстан 196 бас қой және 35 бас ешкі малын ұрлап, жәбірленушіге 4 384 000 теңге залал келтірген.