Архив событий

26/04/2016

Бұрынғы ерлі-зайыптылар медиативтік келісім жасасты

26/04/2016

Орал қаласының №2 соты мүлікті бөлу жөніндегі азаматтық іс бойынша талапкердің жауапкерге үш бөлмелі пәтерді ал, жауапкер өз кезегінде талапкерге екі бөлмелі пәтерді беруге міндеттенгені жөніндегі бітімгершілік келісімді бекітті. Қалған мүлік жауапкер 15 күн ішінде сыйға тарту шартымен ортақ балаларына ресімдеуге міндеттенді.

Медиация кабинетінде дауды реттеу келісім бекітілді

26/04/2016

Казталов ауданының №2 соты 80000 теңге бережақ соманы өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Істі қарауға дайындық  өткізу барысында талапкер мен жауапкердің арасында кәсіпқой емес медиатордың көмегімен келісімге келіп, Жалпақтал ауылдық округі ғимаратындағы «Медиация кабинетінде! алғашқы рет дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі жасалды.

Дауды медиация тәртібімен реттеу

26/04/2016

«Рост-Трейд-Компания» ЖШС   «Жером» ЖШС-нен 11 950 000  теңге көлемінде қарызды     және  9 337 500  теңге көлемінде тұрақсыздық айыппұлын өндіру туралы талап арызбен  сотқа жүгінді.

Дене жарақатын келтірген

26/04/2016

БҚО №2 Зеленов аудандық сотында ҚР ҚК-нің 109-бабымен (тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу) жеке айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот қарызды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырды

26/04/2016

Зеленов ауданының №2 сотында «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қайтыс болған заемшіден қарызын өндіру туралы талап арызын қарады.

Сотта анықталғандай, заемдік келісім шарт бойынша қайтыс болған заемшінің қарызы 1 078 356 теңгені құрап, мұрагерлері анасы, қызы және ұлына Зеленов ауданы,  Дариян ауылында пәтері және «Кио Рио» маркалы автокөлігі мұраға қалған.

Масаң күйінде көлікті басқарған

26/04/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Көлікті масаң күйінде басқару қозғалыстың басқа қатысушыларына аса қауіп тудыратын әрекет болып табылады.

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

26/04/2016

Жәнібек аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сай, сотталушы мекеменің бірінің қызметкері бола тұра, осы мекеменің маманының кабинетінен ұялы телефонын және әтірін ұрлап, жәбірленушіге 20 000 теңге көлемінде материалдық зиян келтірілген. 

«Finance» арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің талап арызы қанағаттандырылды

26/04/2016

Тасқала аудандық соты талапкер "Арнайы қаржы компаниясы "Finance "ЖШС-нің  жауапкер С-дан банктік берешекті өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі қарады.

«Альянс Банкі» АҚ  банктік келісім шартқа сәйкес жауапкерге 02.09.2010ж. дейін   37 ай мерзімде  төлеп қайтару үшін, 250 000 теңге көлемінде қарыз ақша берген.