Архив событий

15/04/2016

Тергеу судьяларының ҚР Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодексінің нормаларын қолдануына байланысты мәселелер бойынша "дөңгелек үстел" өтті

15/04/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Тергеу судьяларының ҚР Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодексінің нормаларын қолдануына байланысты мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» болды.

Қылмыстық істер мен материалдарды қарау жөніндегі сот тәжірибесінің өзекті мәселелері талқыланды

15/04/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Қылмыстық істер мен материалдарды қарау жөніндегі сот тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар болды.

Семинарды ашып сөз алған Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаев қозғалып отырған мәселенің маңызына тоқталды.

Дау медиативтік келісім арқылы шешілді

15/04/2016

Орал  қаласының №2 соты материалдық және моральдық залалды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында «Жайық» базарының аумағында жауапкер Д-ның иті талапкерді тістеп алғаны анықталды.

Жәнібек аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйенің деректемелерін толтыру бойынша оқыту семинары өтті

15/04/2016

Жәнібек аудандық сотында сот мамандарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы АІЖО ААЖ-не мәліметтер жіберу жолымен орындауға орындау құжаттарды, қаулыларды, сот актілерді, сот бұйрықтарды жіберу жөнінде  «Төрелік» ақпараттық жүйенің деректемелерін толтыру бойынша оқыту семинары өтті.

Казталов аудандық сотында брифинг өтті

15/04/2016

Казталов аудандық сотында 2016 жылдың 3 айында атқарылған жұмыс  қорытындысы  бойынша «Ауыл айнасы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Іс шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Жамантаева өткен жылмен салыстыра отырып 2016 жылдың 3 айында қаралған істердің статистикалық көрсеткіштерін хабарлады.

Казталов аудандық сотында жедел мәжіліс өтті

15/04/2016

Казталов аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)» тақырыбында жедел кеңес өтті. 

Бөтеннің мүлкін жымқырған

15/04/2016

Жәнібек аудандық соты ҚР ҚК-нің 188 б. 2 б. 2, 3 т. (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бiрнеше рет тұрғын үй-жайға заңсыз кiру) көзделген қылмыстық істі қарады.

Масаң күйде көлік басқару жауапкершілікке соқтырады

15/04/2016

Ақжайық аудандық соты 2016 жылдың 1 тоқсанында  жүргізушілердің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны туралы 12 әкімшілік істерін  қарады.

Сот әкімшілік жауапкершілікке тартылған  азаматтардың ішімдік ішкен масаң күйінде  көлікті басқарып, жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндіргенін анықтады. Құқықбұзушылар өз әрекеттерімен ҚР Жол жүру ережесінің 2 т. 4 т. 2 б.  талаптарын бұзған.

Балық аулау қағидасын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған

15/04/2016

Ақжайық аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 383 б. 3  б.  балық аулау  қағидаларын өрескел бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған  А. қатысты әкімшілік ісін қарады.

Құқықбұзушы Жайық өзенінен 15 метрлік құрма ау арқылы балық аулаған. Көрсетілген құрма ау  түрі кәсіпшілік балық аулау құралына жатады.

2016 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы жөніндегі брифинг

15/04/2016

Теректі аудандық №2-ші сотының төрағасы И.К.Ниязғалиев жергілікті «Теректі жаңалығы» газетінің тілшісі М.Жұбандыковпен 2016 жылдың 1-ші тоқсанында  атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында статистикалық мәліметтерге сәйкес  2016 жылдың 1-ші тоқсанында  20 азаматтық іс қаралып, бұл 2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  21 іске аз болып келетіні айтылды. Қайтарылған арыздар саны 3. Медиация тәртібімен 2 азаматтық іс қысқартылды.

Жасөспірімдерді ұрып, бас бостандықтарынан шектелді

15/04/2016

Казталов ауданының №2 соты Жалпақтал ауылының екі  тұрғынына қатысты қылмыстық істі келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарады.

Сот анықтағандай, екі ер азамат кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді ұрып, ақша, темекі және ішім талап еткен.

Сот орындаушысының ұсынысы қанағаттандырылды

15/04/2016

Зеленов ауданының №2 соты сот орындаушысының борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу және  бұрын берілген көлік құралын жүргізу құқығының қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсынысын қарады.