Архив событий

07/04/2016

«Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07/04/2016

7 сәуірде Батыс Қазақстан облыстық сотының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Шараға «Нұр Отан» партиясы, облыстық әкімдік жанындағы әйелдер ісі және отбасы демографиясы жөніндегі комиссияның, қалалық әйелдерді әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығының өкілдері сонымен қатар, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Облыстық сотта қылмыстық-құқықтық тақырыбында семинар өтті

07/04/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істерді қарайтын судьялардың қатысуымен қылмыстық-құқықтық тақырыбында семинар өтті.

Семинарды қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаев алғы сөзбен ашты.

Азаматтық-құқықтық тақырыбында семинар өтті

07/04/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыстық, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен азаматтық-құқықтық тақырыбында семинар өтті. Семинар облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Бегалиевтің төрағалығымен өтті.

Батыс Қазақстан облысы соттарының 2016 жылғы бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңесі өтті

07/04/2016

2016 жылғы 7 сәуірде Батыс Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2016 жылғы бірінші тоқсандағы жұмысының қорытындыларына арналған кеңейтілген жалпы отырысы болды.

Электрондық сервис қызметтері туралы ақпараттық баннер

07/04/2016

Зеленов аудандық соты Халыққа қызмет көрсету орталығында, «Сот кабинеті» электронды сервисінің қызметтері және сот кабинетінің мобильді нұсқасы туралы ақпараттық баннерлер орнатты.

Сот кабинеті – бұл Қазақстан Республикасының сот органдарының сервисіне мобильдік байланыс және ғаламтор арқылы электронды түрде кіруге арналған терезе болып табылады.