Архив событий

20/04/2016

Өз бетімен иеленіп алынған жер кері қайтарылды

20/04/2016

БҚО Зеленов ауданының әкімі сотқа жауапкерден өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін талап ету туралы  арыз беріп, " Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" ММ тексеру жүргізген  кезде жауапкер өзіне тиесілі емес жер учаскесін пайдаланып отырғанын көрсеткен.

Қылмыстық теріс қылық

20/04/2016

Жәнібек аудандық соты сотталушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346 бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қарады. Сотталушы  бұрын Жәнібек аудандық сотының қаулысына сай ҚР-сы ӘҚБтК-нің 467 б. 3 бөлігімен кінәлі болып танылып 4 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, алкогольдік ішкен мас күйінде автокөлік басқарып, жол бойындағы газ құбырын қағып кеткен.

Сотқа құрметтемеушілік көрсетті

20/04/2016

БҚО Сырым аудандық сотында құқықбұзушыны ҚР ӘҚБтК-нің 653 б. 1 б. жауапкершілікке тартуға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат әкімшілік іс бойынша құқық бұзушы ретінде сот отырысына дәлелді себептерсіз келмей, іс әрекеттерімен сотқа құрметтемеушілік білдірген.

Сот орындаушысының ұсынысы қанағаттандырылды

20/04/2016
БҚО Зеленов ауданының №2 соты сот орындаушысының борышкерге сыртқа шығу және лицинзия әрекетіне, рұқсат алу және арнайы құқығына уақытша шектеу қою туралы ұсынысын қарады.
Сотта анықталғандай, борышкер алименті төлеуден бас тартып, өндіріп алушы пайдасына 656 858 теңге көлемінде қарыз болған.

22 сәуірде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық соты арасында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты МЕМОРАНДУМ жасасу жоспарлануда

20/04/2016

22 сәуір күні сағ. 15.00-де Орал қаласының Достық үйінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық соты арасында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты МЕМОРАНДУМ жасасылады.

Медиаторлармен семинар өтті

20/04/2016

Ақжайық аудандық соты Чапаев ауылдық әкімшілік ғимаратында медиаторлармен семинар өткізді. Семинарға  сот төрағасы А.А. Куликешев,  Чапаев ауылдық әкімі М. Абилов, кәсіпқой емес медиаторлар Ж. Кажгалиев, Х.Н. Кадисов, А.У. Мушагалиева, ауылдық әкімшілік  және сот мамандарымен  «Жайық таңы» аудан газетінің өкілі  қатысты.

«Азаматтық істердің сот кеңсесіне, мұрағатқа тапсырылу мерзімі мен тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті

20/04/2016

БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотында «Азаматтық істердің сот кеңсесіне, мұрағатына тапсырылу мерзімі мен тәртібі» тақырыбында  кеңсе меңгерушісі Б.Н.Юсуповтың және сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы  өтті.

Орал қ. МӘС ұсақ бұзақылық бойынша 630 әкімшілік іс қарады

20/04/2016

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылдың алғашқы үш айында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды ластап, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты 630 әкімшілік іс қарады.                               

Қасақана құқық бұзушы

20/04/2016

Зеленов ауданының №2 сотында алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы фактісі бойынша қылмыстық  ісі қаралды.

Жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру, қасақана өлтіру туралы іс бойынша үкім жарияланды

20/04/2016

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А.М.Догруевке қатысты ҚК-нің 99 б. 1 б. (адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату), В.Б.Пянкевичке қатысты ҚК-нің 432 б. (аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу), Е.Досжановке және Р.Габдуллинге қатысты ҚК-нің 191 б. 2 б. 1,3 т.

Мереке қарсаңындағы игі шара

20/04/2016

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтеді. Шыңғырлау аудандық сотының ұжымы атаулы мерекені атап өтуге өзіндік бастамамен шықты.

Сот төрағасы Т. Ибрашевтың бастамасымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Шыңғырлау аудандық сотына тиесілі аумаққа 25 түп түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында

20/04/2016

Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Б.Ш.Жангирова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына «Тәуелсіздік құндылықтары мен мемлекетіміздің жетістіктері» тақырыбында дәріс оқыды.