Архив событий

19/04/2016

Ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік қамақ алынды

19/04/2016

Бөкей ордасы аудандық сотында қаралған әкімшілік іс бойынша Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының тұрғыны алкогольдік ішімдік ішкен күйінде өзінің ауласында тұрып, жәбірленушіні балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтып, ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық әрекетін бір жыл ішінде екі рет қайталап жасаған.

Оқушылармен кездесу өтті

19/04/2016

Бүгін Дариян орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Зеленов ауданының №2 сотының кеңсе меңгерушісі Алмаз Гильманов «Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында сөз сөйлеп, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға тоқталды.

Зеленов ауданының №2 соты келісім шарттарын тиісті түрде орындамаған туралы талапты қанағаттандырды

19/04/2016

Зеленов ауданының №2 соты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның жауапкерден 4 955 094 теңге берешегін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

"Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/04/2016

Қаратөбе аудандық сотында «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен тәртіптің сақталуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - аудандық сотта ішкі қауіпсіздік ережелерін  үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Сырым ауданының 12 ауылдық округінде медиация кабинеттері ашылды

19/04/2016

БҚО Сырым аудандық сотында медиация институтын дамыту бағытында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта Сырым аудандық сотының бастамасымен ауданның 12 ауылдық округінде  әкімшілік ғимаратында медиация кабинеттері ашылды.

Медиация рәсімін қолданумен іс қысқартылды

19/04/2016

Жеке кәсіпкерлігі ЖШС-нен  тұрған тауарға 510000  теңге берешекті және  181560 теңге өсімпұл өндіру туралы талап арызбен БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгініп, жауапкердің орындалмаған  шарт бойынша жұмыстар үшін төлеу туралы өз міндеттемесін тиісінше орындамауына байланысты берешекті және өсімпұл өндіруді сұраған.

Суық қару ұстағаны үшін сотталды

19/04/2016

Зеленов аудандық №2 соты заңсыз суық қару алып жүру фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.   

Іс материалдары бойынша, полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті тексеру  барысында қорғану ретінде өзімен пышақ алып жүрген азаматты ұстаған.

Зеленов аудандық №2 соты 2016 жылдың бірінші тоқсанының жұмысын қорытындылау бойынша брифинг өткізді

19/04/2016

Зеленов аудандық №2 сотының төрайымы Шара Кенесбайқызы Зайнуллина «Ауыл тынысы» газетінің өкіліне Зеленов аудандық №2 сотының 2016 жылдың  бірінші тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өткізді.