Архив событий

01/09/2015

Алғыс хаттармен марапталды

01/09/2015

Бөкей ордасы аудандық сотының ұсынысымен Бөкей ордасы ауданы әкімімен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орай ҚР «Медиация туралы» Заңының кеңінен қолданылуын қамтамасыз етіп,азаматтардың арасындағы көптеген даулы мәселелердің бітімгершілікпен шешілуіне белсенді қатысқаны үшін Бөкей ордасы Сайқын ауыл округі бойынша медиатор Муханова Гюльнара Бахытовна, сонымен   қатар сот отырыстарында аудармашы ретінде қатысып, белсенділік  танытқаны үшін Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің мектептен тыс тәрбие беру орталығының әдіскері Кулекеева Асемгуль

Дариян ауданының орта мектептеріндегі ашық сабақ

01/09/2015

Құркүйектің 1 күні Зеленов ауданынң №2 аудандық сотының судьялары Дариян ЖОББМ мен Дариян қазақ мектептерінде болып, оқушылар және ұстаздармен кездесіп, Ата Заңымыздың 20 жылдығына  байланысты ашық сабақты өткізді.

Кеңсе меңгерушісі мерекеге байланысты марапатқа ие болды

01/09/2015

Казталов аудандық мәдениет үйінде өткен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерей тойына арналған салтанатты шара соңында Казталов ауданының әкімі Н.М.Бекқайыр салтанатты түрде ауданның әрбір саласында қызмет етіп жатырған үздік қызметкерлерді наградалармен, құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапаттады, соның ішінде Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Р.С.Қаженовке «Қазақстан  Конституциясына 20 жыл» төсбелгісі табыс етілді.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

01/09/2015

Таскала аудандық полиция бөлімі азамат «К» маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсынысымен сотқа жүгінген.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, аталған азамат   созылмалы маскүнемдікпен науқастанған және маскүнемдіктен еріксіз емдетуді қажет етеді.

Жылқы ұрлығы

01/09/2015

Ақжайық аудандық соты жылқы ұрлаған екі адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотталушылар  2013-2015 ж.ж. аралығында   ауданға қарасты шаруа қожалығынан   18 бас жылқыларын ұрлаған.  Бұл қылмыстық әреткеттерімен  сотталушылар жәбірленушіге  8 100 000 тенге материалдық шығын келтіріп, оны қазіргі таңда өтеген.

Іс құжаттарына сай, жәбірленуші моральдық шығын өндіру туралы талап арыздан бас тартып,  соттан сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан  босатуды  сұрады.

Төраға оқушылармен кездесті

01/09/2015

1 қыркүйек күні Жәнібек аудандық сотының төрағасы А.С.Бижанов №1 жалпы білім беретін орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында төраға оқушыларды ҚР Конституциясының 20 жылдығы және білім күні мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар А.С.Бижанов оқушыларға Конституция туралы баяндама оқып, оның қалыптасу тарихы туралы анықтама берді.