Архив событий

10/09/2015

Заңсыз есірткі затты сақтаған

10/09/2015

Ақжайық аудандық соты  заңсыз  есірткі затты сақтағаны үшін  айыпталған А. қатысты қылмыстық ісін қарады. Бұл қылмыстық теріс қылық үшін ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігімен (жаңа редакцияда ) қылмыстық жауаптылық көзделген.

Сотталушы А. Орал өзенінің жағасында бола тұра, жабайы өсімдік «конопляны» жұлап алып, өзі падалану мақсатында, оны орап өзінде сақтаған. Сараптама қортындысы бойынша аталған өсімдік, салмағы 3,48 грамм  кептірілмеген мархуана - есірткі болып танылған.

Шығынды өндіріп, жәбірленушімен татуласты

10/09/2015

Ақжайық  аудандық соты бөтеннің мүлкін , яғни азаматша П. тиесілі велосипедін ұрлаған М.  қатысты  қылмыстық ісін қарады.

Іс қарау барысында жәбірленуші П. сотталушымен татуласқанын, келтірілген шығын толық  өндірілгенін, сондықтан сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан  босатуды өтінді. Сонымен қатар, жәбірленушімен сотталушы  өзара татуласып медиативтік  келісімге келді.

Сот қаулысымен сотталушы М. қылмыстық жауаптылықтан босатылып, іс өндірістен қысқартылды.

Сырым аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

10/09/2015

БҚО Сырым аудандық сотында «Сот кабинеті» арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жолдау1 тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға сот төрағасы м.а. Э.С.Атчибаева, аудандық прокуратураның, Сырым ауданының ішкі істер бөлімінің, Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, Сырым аудандық әділет басқармасының өкілдері,  Сырым аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы, жергілікті «Сырым елі» газетінің тілшісі және сот қызметкерлері қатысты.

Бітімге келді

10/09/2015

Тасқала аудандық сотында ҚР ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен (ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау) айыпталған азамат Б.Мукановаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оқиға желісін тарқатсақ, сотталушы Б.Муканова түнгі уақытта жәбірленуші Б-ның үйіне заңсыз еніп жасырын түрде азық-түлік заттарын жымқырып, жәбірленушіге жалпы құны 3 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Есірткі заттарын заңсыз өсіру сот үкімі жарияланды

10/09/2015

Бүгін құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған «қарасора» түріне жататын өсiмдiктердi өткізу мақсатынсыз заңсыз егіп-өсірген сотталушы Р.Ашировқа қатысты Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық сотының  үкімі жариялады.

Оқиға болған жерден 140 түп өсімдік табылған.

Тараптар медиация тәртібімен реттеу келісімге келді

10/09/2015

Тасқала аудандық сотымен талапкер «KMF» микроқаржылық ұйымы» ЖШС-нің микрокаржылық бойынша берешек сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өкілі сотқа жауапкер Н. талап арызымен жүгініп, арызында жауапкермен 18.09.2014 жылғы микроқаржы беру шарты бойынша 200 000 теңге жылына 45 % 18.09.2015 жылға дейін өндіру мерзіміне. 18.03.2015 жылы жауапкермен төмелмнің мерзімін өткізіп алғандықтан, 115 026 теңге мөлшерінде берешек сомасы құрылған. Жауапкерден  берешек сомасын өндіруді сұраған.

Шаян аулағаны үшін жауапкершілікке тартылды

10/09/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен құқықбұзушы Р. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

2015 жылдың 20 тамыз күні сағат 08.00 Бітік су қоймасының Көшім каналында екі шаян аулағышты аулауға тиым салған уақытта орнатқаны анықталған.  

Сөйтіп, өзінің әрекеттерімен құқықбұзушы «Р» ҚР ӘҚБтК 383 бабы 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Тараптар бітімге келді

10/09/2015

Жаңақала аудандық сотымен талапкер Х-ның жауапкер С-тан 516 000 теңге берешек өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сот барысында анықталғандай, 2014 жылдың 01 маусым күні жауапкер 516000 теңгені сол жылдың 01 шілде күні қайтарып беретін болып қарызға алған. Алайда осы уақытқа дейін қайтармай келген.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар татуласу келісім жасасты, оған сай жауапкер берешегін қайтаруға және мемлекеттік бажды төлеуге міндеттенеді.

Сот татуласу келісімді бекітіп, іс бойынша өндіріс қысқартылды. 

Теги: татуласу келісімі.

Процессуалдық келісімге келген

10/09/2015

Жаңақала аудандық соты  ҚР ҚК-нің 149 бабының 2 бөлігімен күш қолдану қатерін төндіруімен тұрғын үй-жайға онда тұратын адамның еркiнен тыс заңсыз басып кiру туралы кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісіммен түскен қылмыстық істі қарады.

Сот барысында анықталғандай, 2015 жылдың 15 тамыз күні таңғы сағат 05.00 шамасында сотталушы алкогольдік ішімдігін ішкен масаң күйде Жаңақала ауылында түнгі уақытта осы ауыл тұрғыны С-ның тұрғын үйіне күш қолданумен қорқыту арқылы еркінен тыс терезе арқылы заңсыз басып кірген.

Тіркеусіз кірген қонақ әкімшілік жолмен елден шығарылды

10/09/2015

 Қаратөбе аудандық сотымен Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта РФ азаматшысы Б. 2015 жылдың 13 тамызында Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылына қонаққа келіп, ҚР аумағына бес күннен астам уақыт бойы  ішкі істер органдырында тіркеусіз тұрғандығы анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды көрсетіп жауап берді.

Сот медиативті келісімді бекітті

10/09/2015

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы ««Жанақала-ЕТ» ӘКК-на 18 067 113 теңге көлемінде, 3 535 226 теңге сыйақы және 15 842 554 тенге өсімақыны өндіру туралы талап арызбен БҚО МАЭС-на жүгініп, жауапкермен займ  өтеу кестесі бұзылғанын, бережақты төлемегенін, талаптарға мән  бермегендігін көрсете отырып, осыған байланысты өзінің бұзылған  құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болғандығын көрсеткен.

Істі  қарау барысында тараптар бітімгершілік  келісімге келіп, оған  сәйкес тараптар  бережақ соманың  жаңа  құралған кестесін бекіткен.

Медиация тәртібімен келісімге келу

10/09/2015

Орал қалалық сотымен ұрлық фактісіне қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Азамат Е.Темирбаев  жатақхананың маңында тұрған «Урал» маркалы велосипедін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге 15 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.   

Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Келтірілген шығынды ол толық өтеген.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

10/09/2015

Ақжайық аудандық №2 сотымен құқықбұзушы К, қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы К. жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, алдында жұріп кележатырған ВАЗ 21113 көлік құралына соқтығысқан.  Жол көлік оқиғасының нәтижесінде ВАЗ 21113 көлік құралының иесіне материалдық залал келтірген.

Билік өкіліне бағынбағаны үшін жазаланды

10/09/2015

БҚО Бөрлі аудандық сотымен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодесінің 379-бабының 1 бөлігі бойынша (билік өкіліне бағынбау) сотқа берілген Д.Алтынайға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот мүгедектің құқығын қайта қалпына келтірді

10/09/2015

Орал қаласының № 2 соты мүгедектің құқығын қалпына келтірді. Талапкер К. Орал қаласының әкімі «тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары» ММ-не талапкердің сіңілісі Н-ді кезектен шығару бөлігінде қаулыны заңсыз деп тану, ауыр науқаспен ауыратындардын, үйге мұқтаж екендігін ескеріп, тізімге қайта қоюға мәжбүрлеу туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Қайын атасы мен күйеу баласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған

10/09/2015

Теректі аудандық соты ӘҚБтК-нің 73 бабы бойынша Е. мен А.-ға қатысты қозғалған әкімшілік істерді қарады. Құқық бұзушылар бір біреуіне бөтен адам емес, Е. қайын атасы, А. күйеу баласы, ал жәбірленушілер - олардың әйелдері.

Істің мән-жайлары осындай:

Жас судьяларымен оқыту процестері

10/09/2015

Орал қаласының №2 сотында еңбек өтілі 3 жылға толмаған судьяларымен азаматтық іс жүргізу заңнамасының сот отырысын өткізу кезінде сақталуын бақылау, сот отырысын өткізу әдістеріне үйрету және тәжірибелік жұмыста машықтандыру мақсатында азаматтық іс бойынша оқыту процестері өткізілді.