Архив событий

09/09/2015

Базалық сотта облыс соттары қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті

09/09/2015

Орал қалалық сотында 09.09.2015 жылы облысымыздың сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар болып өтті. Семинарға  облыс соттарының мамандары қатысты.

Жоспарға сай «Сот кабинеті» жүйесімен түсетін кіріс құжаттарды қабылдау және тіркеу; осы жүйе арқылы түсетін әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер мен материалдарды тіркеу; кіріс құжаттарын тіркеу барысында талондарды беру мәселелері талқыланып өтті.

Құжатқа жалған мәліметтер енгізген үшін сотталды

09/09/2015

Құжатқа жалған мәліметтер енгізген үшін сотталды

Казталов ауданының №2 соты азамат Г.Мухамбетовқа қатысты ҚР ҚК-нің 385 бабы 1- бөлімімен айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан мәлім болғандай, Казталов ауданына қарасты Талдыапан ауылының тұрғыны Г.Мухамбетов ұрлық жолымен табылған ірі қараның етін өткізу мақсатында  Талдыапан  ауылдық округінің  әкімшілігінің бас маманымен берілген анықтамадағы мәліметтерді өзгерткен.

Шара барысында қатысушылар Елбасының Ұлт жоспарындағы 5 реформаны кезең –кезеңмен жүзеге асырылу барысы туралы

09/09/2015

БҚО Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.И.Нағашыбаев БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-нің ұйымдастыруымен «100 нақты қадам» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Ұсақ бұзақылығы үшін қамауға алынды

09/09/2015

БҚО Сырым аудандық сотында ҚР ӘҚБК-нің 434 бабының 1 бөлімімен аудан тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, құқық бұзушы аудандық аурухана ауласында былапыт сөздер айтып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық танытқан.

Сот  жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын және қауіптілігін ескеріп, бес тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Іс бітімгершілікпен аяқталды

09/09/2015

БҚО Сырым аудандық сотында аз. К.Уалиахметовке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлімі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сай, азамат К.Уалиахметов өз үйінде ұрыс шығарып, жолдасына  қарсы былапыт сөздер айтып, оның тыныштығын бұзып, сыйламаушылық білдірген.

Сот отырысында азамат К.Уалиахметов өз кінәсін толық мойындап, болған оқиғаға өкініп, енесінен  кешірім сұрады. Соңғысы өз кезегінде оны кешірді.

Оқыту семинары өтті

09/09/2015

Бүгін МАЭС – да қолданысқа енгізілген «Төрелік» құжат айналым ақпараттық жүйесі бойынша - ГЭП (гибридті электрондық почта) арқылы шығыс құжаттарын жолдау туралы - оқу семинары өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі  Б.Юсупов  және сот қызметкерлері қатысты.

Семинарда кеңсе меңгерушісі  күнделікті шығыс құжаттарын жолдау - ГЭП (гибридті электрондық почта) арқылы «Төрелік» жүйесі бойынша жүзеге асатынын мәлімдеді.

Тараптар келісімге келді

09/09/2015

Қаратөбе аудандық сотымен аз-т Е. жауапкер аз.Ш-дан 24 000 мың теңге ақшаны өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, талапкер 2014 жылдың қазан айында жауапкерге қарызға  24 000 теңге ақша берген, алайда жауапкер аталған соманы күні бүгінге дейін қайтармаған.

Сот отырысы барысында тараптар дауды кәсіпкой емес медиатордың көмегі арқылы медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Қылмыстық теріс қылық жасаған

09/09/2015

Казталов аудандық сотымен азамат А.-ны ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігі мен 379-бабының 1-бөлігі бойынша айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 18.06.2015 жылы сағат 19:00 шамасында азамат А. алкоголь ішімдігін ішкен мас күйінде өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде үш учаскелік инспекторларды балағаттап, олардың заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсеткен.

Сотталушы А. кінәсін толық мойындады, жәбірленушілер сотталушыға заңмен көзделген жазаны қолдануды сұрады.

Өндірістегі іс қықартылды

09/09/2015

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «ЖЖҚ» АҚ-ы «Д» ЖК-ден жылу қуатын пайдаланғаны үшін  берешек  соманы, өсімпұл  өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Азаматтық істі қарау барысында талапкер талаптан жауапкердің берешек  сомасын толық өтеуіне байланысты бас тартты.