Архив событий

16/09/2015

Қоғамдық тәртіпті бұзды

16/09/2015

16.09.2015 жылы Теректі аудандық соты Д.Нугмановқа қатысты ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік істі қарады.

Істің мән-жайларына сай, 06.09.2015 жылы таңғы сағат 06:00-де Подстепное ауылында Д.Нугманов қоғамдық жерде, яғни «Кемпинг экспресс» ғимаратының қасында, жолдың шетінде, дәрет етіп тұрған. Ер адамның әдепсіз әрекеті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерге жарияланып, аса қоғамдық пікірталас тудырды.

Билік өкіліне күш қолданғаны үшін сотталды

16/09/2015

Казталов ауданының №2 соты азамат С.М.-ге қатысты ҚР ҚК-нің 380 бабы 1- бөлімімен айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан мәлім болғандай, 28 шілде күні Жалпақтал ауылында сотталушы С. билік өкілдері Жалпақтал ПБ-нің қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты, оларға қатысты күш қолданып, қарсылық көрсеткен. Сонымен бірге қылмыс жасаудың алдын алу үшін функционалдық міндеттерін жүзеге асыруына кедергі жасаған.