Архив событий

07/09/2015

Талап қанағаттандырылмады

07/09/2015

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «№5517 Әскери бөлімі» РММ-нің «HITED» ЖШС-не оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот борышкерді банкрот деп жариялады

07/09/2015

«Бөрлі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ төлеуге қабілетсіз борышкер «АксайВодопроводСтройМонтаж» ЖШС банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгініп, борышкердің қарызын өтеуге жеткілікті мүліктері мен ақша қаражатының болмауына байланысты бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша қарызын өтеуге мүмкіндігінің жоқтығын көрсеткен.

Әйел адамды қорлап тиісу

07/09/2015

Ақжайық аудандық соты арақ ішкен мас күйінде  былапыт сөйлеп, әйел адамға қорлап тиіскен әрекеттері үшін  ӘҚБтК-нің 434 бабы 1бөл. әкімшілік жауапкершілікке тартылған "И" қатысты әкімшілік ісін қарады.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған кінәсін мойындады.

Сот, құқықбұзушының тұрақты жұмыс орны жоқтығын ескеріп, оған әкішілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Есірткі сақтағаны үшін айыппұл тағайындалды

07/09/2015

Орал қалалық сотымен есірткі құралын сақтау фактісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Д.Мешкуров есімді азаматтан тексеру барысында 440 грамм «кептірілмеген марихуана» есірткі құралы табылды, бұл ірі мөлшерге жатады.

Сот үкімімен Д.Мешкуров ҚР ҚК- нің 296б. 3б. (есірткі құралдарын ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз сақтау) көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны айыпты деп танылды. Аталған баппен оған 25 АЕК – 49 550 теңге айыппұл тағайындалды.

 

Жекеше айыптау ісі қысқартылды

07/09/2015

Жаңақала аудандық соты  ҚР ҚК-нің 108 бабымен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру туралы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот барысында анықталғандай, Жаңақала ауылында өзінің тұрғылықты үйнде сотталушы алкогольдік масаң күйде келіп, жәбірленуші С-ты ұрып соғып дене жарақатын салған.

Сотта өткен семинар

07/09/2015

Казталов  ауданының №2  сотында «Жемқорлыққа қарсы әрекет - өту режимін сақтау» атты тақырыбында семинар өтті. Осы шараны өткізудің басты мақсаты - өту режимін сақтау және нығайту, жемқорлық туралы заңнамасын сақтау. Семинар жұмысына судьялар мен сот қызметкерлері, МКҚБ ММ-нің полиция  қызметкерлері қатысты. Сот төрағасы А.Бурамбаевтың айтуынша, бүгінгі күні жемқорлыққа қарсы күрестің мәселелері өзекті екенін және  сотта жемқорлықтың алдын алудағы  өткізілетін шаралардың бірі – сот ғимаратына өту режимін нығайту.

Сотта татуласты

07/09/2015

Казталов  ауданының №2  соты азамат Б-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-ің 73 бабының 1 бөлімі бойынша әкімшілік іс қарады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сай, азамат "Б" өз үйінде ұрыс шығарып, жұбайына қарсы былапыт сөздер айтып, оның тыныштығын бұзып, сыйламаушылық білдірген. Сот отырысында азамат "Б" кінәсін толық мойындап, болған оқиғаға өкініп, жұбайынан  кешірім сұрады. Соңғысы өз кезегінде оны кешірді.

Жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығу

07/09/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен құқықбұзушы «Б» қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 2015 жылдың тамыз айының 07 күні сағат 12.14 шамасында Орал қаласының 48 жасар тұрғыны автоқөлік құралын басқарып, жол жүрісі ережелерімен тыйым салынған, жолдың жүру бөлігінің қарсы жүруге арналған жағына шығып, яғни жол жүру ережесінің 9.2 тармақтарының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны сотта анықталды.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соқты

07/09/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Ресей Федерациясының азаматшасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 2015 жылдың 11 ақпанында ҚР азаматтығынан айырылған, алайда ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламаған РФ азаматшысына қатысты 2015 жылдың 31 шілдесінде ҚР ӘҚБтК-нің 496 бабы 2 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны сотта анықталды. Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды көрсетіп жауап берді.