Архив событий

30/09/2015

Атқару заңнамасының нормаларын бұзу

30/09/2015

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БҚО сот актілерін орындау департаменті бастығының атына қарау және тиісті шаралар алу үшін, «Сот орындаушысының мәртебесі және атқару өндірісі туралы» Заңының талаптарының бұзылғаны туралы жеке ұйғарым жолдады.

Азаматтық істі қарау барысында БҚО сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушысы өзінің функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарап, алимент өндіру туралы атқару өндірісін орындау кезінде атқару заңының нормаларының бұзылуына жол бергені анықталған.

Ардагерлермен кездесу

30/09/2015

1 қазан - Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, бүкіл әлемде атап өтілетін Халықаралық қарттар күні.   

Мереке қарсаңында Теректі аудандық сотында сот жүйесінің ардагерлері, доғарыстағы судьялар Р.К.Дүйсекенова, З.К.Жұмашева және аудандық сотта 40 жылдан астам уақыт маман болып жұмыс жасаған Д.Х.Сисенбаевамен кездесу ұйымдастырылды.

Ұсақ бұзақылығы үшін айыппұл салынды

30/09/2015

Сырым аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен көзделген ұсақ бұзақылықты жасап. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің әкімшілігі алдында темекінің бос қорабын лақтырып, ортақ пайдалану орындарын ластап, өзінің іс-әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген азамат Ж.Медеуовті әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Аудандық сотта "Дөңгелек үстел" өтті

30/09/2015

Зеленов аудандық сотында "Сотқа жолданатын әкімшілік істерді рәсімдеу" тақырыбында "Дөңгелек үстел" өтті.

Шараға аудандық ІІБ, пробация қызметінің инспекторлары және Зеленов ауданының прокуратура өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар сотқа жолданатын әкімшілік материалдарды рәсімдеу кезінде туындайтын мәселелерді талқылады. 

Шараны ұйымдастырушылар құқыққорғау органдарының өкілдеріне әкімшілік істерді "Сот кабинеті" арқылы жолдау тәртібін түсіндірді.