Жылқы ұрлығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық соты жылқы ұрлаған екі адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотталушылар  2013-2015 ж.ж. аралығында   ауданға қарасты шаруа қожалығынан   18 бас жылқыларын ұрлаған.  Бұл қылмыстық әреткеттерімен  сотталушылар жәбірленушіге  8 100 000 тенге материалдық шығын келтіріп, оны қазіргі таңда өтеген.

Іс құжаттарына сай, жәбірленуші моральдық шығын өндіру туралы талап арыздан бас тартып,  соттан сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан  босатуды  сұрады.

Сот,  азамат Н. және Д.  ҚР  ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,2-тармақтарымен айыпты деп танып, ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес жәбірленушімен татуласуларына және оған келтірілген зиянның есесін толтыруларына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі