Архив событий

14/09/2015

Кәсіби емес медиаторларымен "дөнгелек үстел" өткізілді

14/09/2015

Теректі ауданының №2 сотының төрағасы Ақжайық селолық округінің кәсіби емес медиаторлары М.Есенғали, В.Жиренова, Т.Жауынбаевпен дөнгелек үстел өткізді.

Төрағалық етуші И.Ниязғалиев «Дауды медиация арқылы шешу» тақырыбында баяндама жасады.

«Ұялы телефон арқылы жалған мәлімет айтып сотталған әйел»

14/09/2015

Бөкей ордасы ауданының тұрғыны азаматша К.Х. өзінің нөмерін жасырып жұбайының апасы Ж.Г.-ның ұялы телефонына хабарласып,  «Сіздің келініңіз К. А. сіздің жұбайыңыз А.-мен көңілдес болып жүр» деп жалған мәліметтер таратқаны үшін жекеше айыптаушының жеке шағымы бойынша ар-ожданына нұқсан келтірілгенін көрсетіп,  ҚР ҚК-нің 130 бабы 1 бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы іс қозғалған.

Сот отырысында сотталушы К.Х. кәнісін толығымен мойындап және жасырын нөмір оның телефонының нөмірі екенін айтты.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

14/09/2015

2015 жылдың 09 қыркүйек күні ҚР ҚК-нің 300 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен Р.Н.Ашировқа қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша Тасқала аудандық сот төрағасы Ә.М.Ахметовпен   аудандық «Екпін» газетінің тілшілерімен брифинг өткізді. 

Атамекен ауылының тұрғыны Р.Н.Аширов шарбағында 140 дана шемекесінен «конопля» өсірген, оның есірткеге жататын біле тұра, өзі пайдалану үшін, су күйып, күтіп алған.