Архив событий

04/09/2015

Тасқала аудандық сотында семинар өткізілді

04/09/2015

Тасқала аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында Тасқала аудандық сотымен    «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын рәсімдеуде Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері»  тақырыбында семинар өткізілді.

Аталмыш шараның мақсаты – азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі қағидаларын мүлтіксіз сақтау болып табылады.

«Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел

04/09/2015

Тасқала аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында Тасқала аудандық сотымен   сот актілерін орындау Тасқала аумақтық бөлімінің сот орындаушысының, ІІБ бастығының, участкелік инспекторларының қатысуларымен « сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Көлік құралын басқару құқығынан айыру

04/09/2015

Казталов ауданының №2 сотымен ҚР ӘҚбК-нің 608 бабының 1 бөлігімен азамат «А» қатысты әкімшілік іс қаралып, құқықбұзушы аталған баппен айыпты деп танылып, оған үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

02.09.2015 жылы толтырылған №12 масаю дәрежесін медициналық куәландыру қорытындысы бойынша А.Амреев масаюдың орташа түрінде болған. Құқық бұзушы кінәсін мойындап, көлік құралын масаю күйінде басқарғанына өкініш білдіретінін айтып көрсетті.

Адам өліміне қатысты жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша үкім жарияланды

04/09/2015

Орал қалалық соты 03.09.2015 жылы адам өліміне әкеліп соққан жол көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сай С.Сапаров 2015 жылы шілде айының соңында мас күйі көлікті басқару кезінде жол жүру ережелерін өрескел бұзып, А.Ждановтың жүргізуіндегі мотоциклмен соқтығысқан.

Соның салдарынан А.Жданов және оның жолаушысы А.Гущин оқиға орнында қаза болған.

Тірі деп жарияланды

04/09/2015

27.08.2015 жылы БҚО Теректі аудандық сотымен азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы  сот шешімі бұзылды.

5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған

04/09/2015

Бөрлі аудандық соты жуық арада ҚР ҚК-нің 297–бабының 1 бөлігімен, яғни есірткі заттарды, өткізу мақсатында заңсыз сақтау және жөнелту, көзделген қылмысты жасағаны үшін К.Жасланға  қатысты қылмыстық іс қарады.

Тараптар дауды бітімгершілікпен аяқтады

04/09/2015

«Д» ЖШС-і  «Ф» ЖШС-не 51 772 938 теңге жалдау ақысы бойынша берешекті, 12 897 506 теңге өсімақыны өндіру, 57 426 264 теңге айырылып қалған пайданы өндіру  туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Сотта істі қарау барысында талапкер 1 000 000 теңге берешекті өндіру және жауапкерді жалдау шартын жасауға мәжбүрлеу туралы қосымша талап қойды.

«Отбасы күні»

04/09/2015

Қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстан тұрғындары Отбасы күнін тойлайды. Осы мереке қарсаңында 2015 жылдың 03 қыркүйек айында БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Ф.Ғ. Құрманова «Қазақстан-Орал» телеарнасында «Сіздің сұрағыңыздың уақыты» бағдарламасының тікелей эфирінде сөз сөйледі.  Өз сөзінде Фарида Гусмановна мемлекет отбасынан басталатына назар аударды, сондықтан біздің қоғамымызда отбасы құндылықтарының негізін нығайту маңызды екенін айтты.