Архив событий

08/09/2015

Теректі аудандық сотында семинар кеңес өткізілді

08/09/2015

БҚО Теректі аудандық сотында «Сот кабинеті» арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жолдау тақырыбында семинар кеңес өтті.

Аталған шараға сот төрағасы М.Маликов, сот қызметкерлері, Теректі ауданының ішкі істер бөлімінің, Теректі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Қаратөбе аудандық соты медиация тәртібімен жеке айыптаудағы қылмыстық істі қарады

08/09/2015

Қаратөбе аудандық соты Қаратөбе ауданының тұрғыны аз. С-ке қатысты ҚР ҚК-нің 109 бабы бойынша жекеше айыптау туралы қылмыстық істі қарады.

Сот барысында анықталғандай, азамат С. көршісі аз-ша О-мен өзара сөзге келіп қалып, басынан қолымен бір рет ұрып, дене жарақатын келтірген.

Сот отырысында сотталушы С. тағылған айып бойынша жасаған қылмысын толығымен мойындады. Жәбірленушімен дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін жасаған соң, сот қаулысымен сотталушыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/09/2015

Тасқала аудандық соты ҚК-нің 187 бабы 1 бөлімімен (ұсақ бұзақылық) сотталушы Н.М.Бурамбаевпен жәбірленуші У.А.Ерхнованың арасында медиативтік келісімнің бекітілуіне байланысты қылмыстық істі өндірістен қысқартты.

Істің хаттамасына сәйкес, М.Н.Бурамбаев 09.06.2015 жылы сағат 09.00 шамасында Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Ордженекидзе көшесінде,№7 үйінің шаруашылық ауласынан әр қайсысы 1 000 теңге тұратын 2 тауықты ұрлап, жәбірленуші У.А.Ерхноваға 2 000 теңге материалдық залал келтірді.

Экономикалық соттың судьясы радиодан сұхбат берді

08/09/2015

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Л.Т. Корсакова «Казақстан» БҚОФ радио толқынының эфирінен «Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін  жеңілдету үшін  сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру» тақырыбында сөз сөйледі.

Сондай-ақ, ол судья лауазымына кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі, сот төрелігінің үш сатылы жүйеге өтуі, Астана қаласында Халықаралық Арбитраждық және қаржылық соттарды құру мәселелері жөнінде айтып өтті.