Архив событий

03/09/2015

«Тәрбиелеу жөніндегі міндеттерінен жалтарған»

03/09/2015

И. кәмелетке толмаған 2002 жылы дүниеге келген А-ның анасы бола тұра қызын оқу және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерінен жалтарған, қызы 2014-2015 оқу жылында дәлелді себепсіз мектепке бармаған, міндетті орта білім алудан жалтарған. Сонымен И. ҚР ӘҚБтК-ң  127 бабы 1 бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

ЕСІРТКІНІ САҚТАП, ӨТКІЗГЕНІ ҮШІН ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

03/09/2015

Орал қалалық соты есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу фактілері бойынша қылмыстық істі қарады.

А.Клейменев ағымдағы жылдың шілде айында азаматқа «кептірілген марихуана» есірткісін ақшаға өткізген. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекен – жайы бойынша есірткі құралдары табылған.

Аталған қылмыстық іс бойынша қылмыстық  процестік заңнаманың талаптарын сақталына отырып, кінәні мойындау  туралы келісім жасалған.

Бөтеннің мүлкін ұрлаған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды

03/09/2015

Орал қалалық сотымен бөтеннің үйіне кіріп, ұрлық жасаған азаматқа қатысты сот үкімі жарияланды.

Ю.Казанков басқа тұдғамен бірігіп 2015 жылдың наурыз айында К. есімді азаматшаның үйіне кіріп, ақша сомасын, қымбат металлдардан жасалған әшекей бұйымдарды және тұрмыстық техниканы ұрлап, жәбірленушіге материалдық залал келтірген.

Мектепте дәріс өткізілді

03/09/2015

01.09.2015 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесіне орай «Ата заң» атты тақырыпта Бөкей ордасы аудандық сотының судьясы С.Т.Худайбергенов  Бөкей ордасы ауданы орталығында С.Бабажан атындағы мектеп ұзтаздары және оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының ең басты мақсаты халыққа, мемлекетке, қоғамға қызмет ету, осы мәселелеріне тоқталып, Ата Заңның қабылданғанына 20 жыл толуын кең көлемде атап өтіліп жатырғандығын айтып өтті. Кездесуде қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, аталған кездесуде қатысушылар жаксы әсер алды. 

Бөкейорда ауданында дөңгелек үстел

03/09/2015

Бөкей ордасы ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Қазақстан Республикасы Конституция мерекесіне 20 жыл толуына байланысты «Ата Заңым-айбыным»  атты тақырпта дөңгелек үстел отырысына аудандық «Нұр Отан» партия төрағасы 1-орынбасары Т.Керейұлы, аудан прокуроры Н.Байменов ,аудандық әділет басқармасының басшысы А.Атаев, Бөкей ордасы аудандық сотының бас-маманы  сот хатшысы Ы.Ш.Абдуллин  қатынасып бас қосуда пікір алмасып өз ойларын ортаға қазіргі тәуелсіз қазақ елі  Конституцияның бастамасы болып табылатынын, азаматтардың өз құқықтарын қорғау керектігі айтылды.

Тараптар келісімге келді

03/09/2015

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «А» ЖШС-ның «Б» ЖШС-на жеткізілген тауарға қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен талапкер алдын ала төлем жасағаны, жауапкер тауарды жеткізгені, бірақ тауарды қабылдап алғаннан соң ақаулықтар табылып, тауар қайтарылғаны анықталды. Жауапкер тауарды кері қабылдаған, бірақ алдын ала төлемді қайтармаған.