Архив событий

02/09/2015

ҚР Конституциясының 20 жылдығын тойлау аясында кездесу өтті

02/09/2015

ҚР Конституциясының 20 жылдығын тойлау аясында Казталов аудандық сотының судьясы А.Жамантаеваның А.Оразбаева атындағы орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Аталған іс-шара судьяның конституциялық даму кезеңі жөніндегі дәрісінен басталды.

Кездесу барысында іс-шараға қатысушыларға Республика Қазақстан соттарының қызметі туралы, медиация және жергілікті тұрғындар арасында құқықбұзушылық профилактикасы жөнінде білуге мүмкіндік болды.

 

Анонс: "Ашық есік күні»

02/09/2015

БҚО, Қаратөбе аудандық соты сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілетіні туралы хабарлайды.

Ашық есік күні ағымдағы жылдың қыркүйек айының 3-күні сағат 09:00-12:00 аралығында Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі, 24 мекен-жайында орналасқан Қаратөбе аудандық сотының ғимаратында өткізіледі.

Мектеп мұғалімдерімен оқушыларымен кездесу өткізілді

02/09/2015

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотымен негізгі заң Қазақстан Республикасы Конституцияның қабылданғанына 20 жылдық мерекесіне орай 01 қыркүйек 2015 жылы К.Мырзалиев атындағы мектеп мұғалімдері мен оқушыларымен кездесу өткізілді.  

Алкоголь өнімдерін сату қызметімен айналысуға берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатылды

02/09/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 282 бабы 8 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған жеке кәсіпкер "Ю"- ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Благодарственное письмо

02/09/2015

2015 жылдың 30 тамыз күні Жәнібек ауылының орталық алаңында ҚР Конституцисының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өткізілді. Шара барысында аталмыш мерекеге орай Жәнібек аудандық соты кеңсесінің меңгерушісі Е.Б. Әліпқалиевке және өзге де құқық қорғау саласының қызметкерлеріне ауданымызда құқық қорғау саласында атқарған үлгілі қызметі үшін аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.

 

 

Тонау үшін жаза тағайындалды

02/09/2015

Орал қалалық соты  тонау  фактісі бойынша  қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сай  Р.Сагитденов өзінің таныстарымен ішімдік ішу барысында, танысын еш себепсіз ұрып-соғып, оның қалтасындағы ұялы телефоны мен ақшасын тонап кеткен.

Ата заңға арналған салтанатты жиын

02/09/2015

Жалпақтал ауылдық округіне қарасты мәдениет үйінде салтанатты түрде мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуларымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына  арналған салтанатты жиналыс өтті.

ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік жиналыс

02/09/2015

30.08.2015 жылы Мәдениет үйі ғимаратында Бөкей ордасы ауданы әкімі Н.Рахымжановтың басшылығымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік жиналыс өтті. Жиналысқа Бөкейордасы аудандық сотының судьясы С.Худайбергенов, сот қызметкерлері және жергілікті мекеме басшылары қатынасты.

Аудан әкімі барлық қатысушыларды мейрамдарымен құттықтап, ауданның дамуына көп үлесін қосқан тұрғындарға және жас сот мамандарына алғыс хат пен сыйлар марапаттады.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

02/09/2015

Азаматша «К.» Казталов ауданының №2 сотына өзінің көршісі кәмелет жасқа толмаған баласын ұрып-соққаны үшін ҚР ҚК-нің 109 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жекеше шағымымен жүгінген.

Аталған жекеше шағымы соттың іс жүргізуіне қабалданып, сотталушы онымен таныстырылды. Судья тараптарға татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігін түсіндірді.

Істі қарау барысында, тараптар дауды (дау- шарды) медиация арқылы реттеу туралы келісім жасағандары анықталды.