Теректі аудандық №2-ші соты

Сот маскүнемдікпен ауыратын науқасты мәжбүрлі түрде емделуге міндеттеді

24/03/2017

«Теректі аудандық ауруханасы» ШЖҚ КҚК-ны сарапшының  қорытындысына  сәйкес, алкоголды көп пайдалану нәтижесінде психикалық және мінез-құлықтық ауытқулыққа шалдыққан, маскүнемдік  ауруымен  ауратын және  өз  еркімен   емделуден  бас  тартқан   азаматты мәжбүрлі    түрде  емдеуге  жіберу туралы арызымен  сотқа  жүгінген.

Аудандық соттың мамандары арасында семинар өтті

18/01/2017

Теректі аудандық №2-ші сотында сот қызметкерлері арасында «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сот науқасты мәжбүрлеп емдетуге жіберу туралы арызды қанағаттандырды

11/11/2016

«Теректі аудандық  ауруханасы» ШЖҚ МКК-сі сотқа жүгініп, арызында дәрігердің қорытындысына  сәйкес өкпе туберкулезі ауруымен  есепте тұратын және өз еркімен емделуден, тұрғылықты жері бойынша дәрі дәрмектерді қабылдаудан бас тартқан және алкоголь ішімдігін үнемі ішіп, емделу режимін бұзу салдарынан айналасындағыларға эпидимиологиялық қатер төндіріп жүрген азаматты мәжбүрлі түрде емдеуге  жіберуді сұраған.

Сот қызметкерлерімен семинар өтті

14/10/2016

Теректі аудандық №2-ші сотында сот қызметкерлерінің арасында техногендік себептерімен туындаған төтенше жағдайларда, сондай-ақ террористік шабуыл немесе оның туындау қаупi болған жағдайда қатысты жаднаманы талқылау туралы семинар сабағы өткізілді.

Теректі аудандық №2-ші соты 2016 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша брифинг өткізді

10/10/2016

Теректі аудандық №2-ші соты төрағасының м.а. Е.Усманов жергілікті «Теректі жаңалығы» газетінің тілшісі М.Жұбандыковпен 2016 жылдың 9 айлығында  атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Қазақстан Республикасы Конституциясына арналған «дөнгелек үстел»

29/08/2016

Теректі аудандық №2-ші сотының кеңсе меңгерушісі Н.Тоғызакова және бас маман С.Төреғалиева Ақжайық ауылының кітапханасы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «дөнгелек үстелге» қатысты.

Бұл шарада кітапхана қызметкерлері, Ақжайық ауылдық әкімшілігінің мамандары, ауылдық мекемелерінің басшылары қатысты.

Сот қызметкерлері арасында семинар өтті

10/08/2016

Теректі аудандық №2-ші соты соттың қызметкерлері арасында төтенше жағдай туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды талдау туралы семинар сабағын өткізді.

Медиация тәртібімен жеке айыптау туралы іс қысқартылды

08/08/2016

Теректі аудандық №2-ші соты ҚК-нің 114-бабының 1-бөлімімен (денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру) жеке айыптау туралы қылмыстық істі қарады.

Іс құжаттары бойынша, жеке айыпталушы футбол ойнап жүрген кезде кәмелетке толмаған жәбірленушінің аяғынан абайсыздан теуіп қалып, салдарынан соңғының жабық түрде сол жақ аяғының сүйегі сынған.

Беттер