Аудандық соттың мамандары арасында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық №2-ші сотында сот қызметкерлері арасында «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі С.Турегалиева негізгі түсініктер мен терминдер туралы, сот актілерін орындауға жолдау, жобаны жасау, келісу және қол қою туралы, «Төрелік» ақпараттық жүйесіне атқарушылық құжаттарды электронды алу және сот орындаушылардың қаулыларын электронды санкциялау бөлігінде дұрыс толтыру туралы нұсқаулық бойынша толық түсінік берді.

Семинар сонында сот қызметкерлеріне аталған нұсқаулықтарды дұрыс қолдануы туралы нұсқау берілді.

Источник: 
БҚО бойынша соттар Әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі