Сот маскүнемдікпен ауыратын науқасты мәжбүрлі түрде емделуге міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Теректі аудандық ауруханасы» ШЖҚ КҚК-ны сарапшының  қорытындысына  сәйкес, алкоголды көп пайдалану нәтижесінде психикалық және мінез-құлықтық ауытқулыққа шалдыққан, маскүнемдік  ауруымен  ауратын және  өз  еркімен   емделуден  бас  тартқан   азаматты мәжбүрлі    түрде  емдеуге  жіберу туралы арызымен  сотқа  жүгінген.

07.04.1995 жылғы «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққаң ауруларды еріксіз емдеу туралы» ҚР Заңына сәйкес, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеуге жіберуді рәсімдеуді аурудын туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер, прокуратура, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының бастамасымен медициналық қорытынды бар болғаны жағдайда мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарымен жүзеге асырылады.

Сот мәжілісінде азаматтың  өз  еркімен  емделуден  бас   тартуы   ШЖҚ МКК-ның өкілінің түсініктемелерімен расталуына байланысты, маскүнемдік ауруымен ауратын азаматты және  аурудың   әлеуметтік  қауіп  төндіруіне  байланысты,  сот арызды  қанағаттандырып, азаматты мәжбүрлі түрде 6 ай мерзімге емделуге жіберді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі