Еңбек қызметі фактісі анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық №2 соты еңбек қызметі  фактісін анықтау туралы арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Арыз беруші өзінің жасына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы алу үшін мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бөліміне жолыққанда оған еңбек кітапшасы суырма түрінде болғандықтан 1971 жылдан 2004 жылдар аралығындағы әртүрлі ұйымдарда жасаған еңбек өтілі есептелмей аз мөлшерлі зейнетақы тағайындалдықтан еңбек өтілін толық анықтау үшін  сотқа жүгінген.

Полиция бөлімінің анықтамасына сәйкес, арызданушының еңбек кітапшасы ғимаратта болған өрт кезінде басқа құжаттармен бірге жанып кеткен.

 АПК-нің 306 бабына сәйкес, сот арыз берушінің осы фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін емес болған кезінде ғана заңдық маңызы бар фактілерді анықтайды.

Сот, ұсынылған дәлелдемелерді – мұрағаттық  анықтамалар, арызданушымен бірге жұмыс істеген куәлардың айғақтарын назарға алып, арызданушының еңбек қызметіне 1971 жылдан 2004 жылдар аралығындағы мерзімдерді кіргізумен, арызды қанағаттандырды.

 Шешім заң күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі