Орал қ. МӘС

Радиодағы сұхбат

06/12/2018

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі А.С.Искалиева «101.2 FM» радиостанциясының «Заң таразысы» бағдарламасында тікелей эфирге шығып, сот жүйесінде жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобалар туралы айтты.   

Алғыс білдірді

05/11/2018

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасымен азаматтарды қабылдау ұдайы түрде жүзеге асырылып тұрады. Қабылдау кезінде азаматтар заң саласындағы түсінбеушіліктері бойынша түсіндірмелер алады.

Орал қаласында 24 жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу нөмірді пайдаланған үшін жауапкершілікке тартылды

21/06/2018

ҚР ЖЖЕ-нің 4.5.2 тармақшасы мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлік құралын басқаруға тыйым салады.   

Акцизделетін өнімдердің сақтау тәртібін бұзғаны үшін кәсіпкерді айыппұл төлеуге міндеттеді

21/06/2018

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы есепке алу-бақылау маркасымен таңбалануға жататын болса да есепке алу-бақылау маркасынсыз, сондай-ақ белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркасы бар алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады. Аталған норманы бұзғаны үшін ҚР ӘҚтК-нің 283-бабының 2-бөлігіне сай әкімшілік жазаға көзделген. 

Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл төледі

21/06/2017

Орал қаласының әкімшілік соты балық аулау қағидаларын бұзған қала тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны туралы хаттамаға сай аталған азамат қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының тізбесінде көзделмеген ұзындығы 1х1 м. көзі 45х45 мм. тұратын ауды пайдаланып балық аулаған.

Жоғарғы оқу орнының студенттерімен сот отырыстарында аудио-бейне жүйесін қолдану бойынша дәріс өтті

02/06/2017
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен сот отырыстарында аудио-бейне жүйесін қолдану бойынша дәріс өтті.

Беттер