Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырудың мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьяларымен  Орал қаласының ІІБ қызметкерлерімен бірге «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел мақсаты алдағы уақытта процессуалдық заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін әкімшілік істі рәсімдеуге уәкілетті қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру болып табылады.        

Шараға судьялар Б.Т.Нұрмағамбетова, М.Р.Кусайнов, БҚО ЖПҚ басшысы М.С.Габдуллин, Орал қаласының ІІБ ЖПҚ басшысы М.Г.Жардемов және Орал қаласының ІІБ-ның жол-патрульдік полиция батальоны қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылармен көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау, хаттаманы дұрыс толтыру, істі тиісті түрде рәсімдеу, дәлелдемелерді сапалы жинау сұрақтары қозғалды. Себебі әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң принциптерінің мәні, оларды бұзу, байланыстылығы мен маңыздылығына байланысты, іс өндірісін жарамсыз етуінен, мұндай өндіріс бойынша қабылданған шешімнің бұзылуынан немесе жинақталған материалдың күшін жоюынан тұрады.        

Сонымен қатар, «Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 нормативтік қаулысы талқыланып түсіндірілді.

Аталған тақырыптың маңыздылығы сот төрелігін жүзеге асырудың сапасына тікелей әсер етеді.

Дөңгелек үстел қортындысы бойынша хаттаманы толтыру және дәлелдемелерді жинау әрекеттерінің алгоритмі жасалды, соның ішінде құқықбұзушылықты анықтаған бейнежазба болған жағдайда оны міндетті түрде іс материалдарына тіркеу, іс бойынша әуре-сарсаңға салуды жою, істі сотқа жіберу мерзімін бақылауға алу туралы.  

 

         

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: