Жоғарғы оқу орнының студенттерімен сот отырыстарында аудио-бейне жүйесін қолдану бойынша дәріс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен сот отырыстарында аудио-бейне жүйесін қолдану бойынша дәріс өтті.
Сот мәжілісінің хатшысы Гүлжихан Амантаева студенттерге Ұлт жоспары - мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадамына сәйкес сот жүйесін жақсарту мақсатындағы көрсетілген қадамдарының бірінде барлық сот отырыстарында аудио-бейне жүйесін міндетті түрде енгізу қажеттігін түсіндірді.
Жаңа аудио-бейне жүйесін қолдану сот әділдігіне қол жетімділігін және ашық болу денгейін көтеріп, сотпен және сот отырысының қатысушыларымен заң қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету, сот жұмысын оңтайландыруға, сот отырысының өткізілу тәртібінің сақталуы бойынша сұрақтарды объективті шешуге ықпал тигізетінін айтып түсіндіріп,  сот жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Студенттерге сотта және оның аумағында келушілер үшін өткізу және объектілік режимдерді қамтамасыз ету, өткізу және объектілік режим - ішкі тәртіпті, өрт қауіпсіздігін сақтауды, сондай-ақ адамдардың бақылаусыз кіруі немесе шығуы, көлік құралдарының кіруі, соттың аумағына және ғимаратына алып өтуге немесе алып жүруге тыйым салынған заттарды санкцияланбаған турде алып өту немесе алып жүру мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз ету
бойынша түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, студенттер алған білімдерін пысықтау мақсатында сот кеңсесінің жұмысымен танысты.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: