Жауынгерлер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының мамандырылған әкімшілік сотының төрағасы Марат Сисенғали әскери бөлім басшысының шақыртуымен №5517 әскери бөлімінің жауынгерлеріне арналған семинарға қатысты.

Сот төрағасы өзінің «Әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбындағы баяндамасында, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай-ӘҚБтК) 32-ші тарауында көзделген 11 бап бойынша әскери қызметі саласындағы әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатындығын айтып, ӘҚБтК-нің 652 бабында көзделген нормаларына тоқталып өтті.

Ағымдағы жылдың 5 айы бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, БҚО бойынша әскери қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін тек 1 әскери қызметші жауапкершілікке тартылған, төмен көрсеткіш біздің әскери қызметшілердің тәртіптілігін көрсетеді.

Шара соңында бөлім басшылары сот төрағасына әскери қызмет саласында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Семинар қатысушылары сұрақтарын қойды, ал бөлім басшылары шараға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: