Батыс Қазақстан облыстық сот

Жасалған жұмыстар бойынша мәлімет

11/10/2021

Батыс Қазақстан облысының соттарымен жаңа ҚР Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі еңгізілген сәттен бастап келесі жұмыстар жүргізілді:

Мәселен,  ағымдағы жылғы 3 айында – шілдеден қыркүйекке дейін облыс соттарына 291 әкімшілік талап арыз түсті.

Даулар бойынша жағдай мынадай:

Жер даулары бойынша - 67,

Сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдану туралы- 61,

Сатып алу саласындағы бойынша -32,

Салықтық даулар бойынша-21,

Тұрғын үй бойынша -15,

Еңбек бойынша-13,

Кеден бойынша-8,

Зейнетақы, жәрдемақы даулар бойынша -6,

Облыстық сотта семинар өтті.

01/10/2021

Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алақасының төрағасы А.Ізбасаровтың төрағалығымен қылмыстық-құқықтық тақырыптағы семинар өтті.

Шараға облыстық соттың судьялары, бейнебайланыс арқылы аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Семинар барысында А.Ізбасаров  облыстың жекелеген соттарының қылмыстық заң талаптарына сәйкес келмейтін үкімдерін талқылау тақырыбын көтерді.

ЖСО әрекеттері заңсыз деп танылды

30/09/2021

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен жеке сот орындаушысының іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша әкімшілік іс қаралды.

«Атқарушылық іс жүргізу және оның мәртебесі туралы» ҚР Заңының 68-бабына сәйкес – бағалаушыны тағайындау туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмелері атқарушылық іс жүргізу тараптарына оны шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі. Сот бұл қаулының 2021 жылдың 27 шілдесінде шығарылғанын, 2021 жылдың 20 тамызында 68-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып талапкерге жеткізілгенін анықтады.

Тағылымдамадан өту нәтижелері талқыланды

04/05/2019

2019 жылдың 03 мамырында облыстық сотының Оқу орталығында азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының төрағалығымен Орал қалалық №2 сотының судьясы С.Қ.Курманбаеваның тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша есебі талқыланды. Талқылауға тағылымдама жетекшісі мен облыстық сот судьялары қатысты.