ЖСО әрекеттері заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен жеке сот орындаушысының іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша әкімшілік іс қаралды.

«Атқарушылық іс жүргізу және оның мәртебесі туралы» ҚР Заңының 68-бабына сәйкес – бағалаушыны тағайындау туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмелері атқарушылық іс жүргізу тараптарына оны шығарған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей жіберіледі. Сот бұл қаулының 2021 жылдың 27 шілдесінде шығарылғанын, 2021 жылдың 20 тамызында 68-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып талапкерге жеткізілгенін анықтады.

ЖСО қаулыны уақтылы жолданғаны туралы дәлелдемелер ұсынылған жоқ, осыған байланысты осы бөліктегі талап қанағаттандырылды, қаулыны уақытлы жібермеу бойынша іс-әрекеттері заңсыз деп танылды.

Сонымен қатар, жол берілген заңнама бұзушылықтары үшін ЖСО өңірлік палатасы және БҚО Әділет департаметінің атына жеке ұйғарым шығарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі