Жасалған жұмыстар бойынша мәлімет

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының соттарымен жаңа ҚР Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексі еңгізілген сәттен бастап келесі жұмыстар жүргізілді:

Мәселен,  ағымдағы жылғы 3 айында – шілдеден қыркүйекке дейін облыс соттарына 291 әкімшілік талап арыз түсті.

Даулар бойынша жағдай мынадай:

Жер даулары бойынша - 67,

Сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдану туралы- 61,

Сатып алу саласындағы бойынша -32,

Салықтық даулар бойынша-21,

Тұрғын үй бойынша -15,

Еңбек бойынша-13,

Кеден бойынша-8,

Зейнетақы, жәрдемақы даулар бойынша -6,

Мүліктік даулар бойынша- 4,

Қоршаған ортаны қорғауға даулар бойынша-3

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы-2

Басқа - 59

Бұл саны жер даулары бойынша ең көп талап-арыздар түскенін көрсетеді, бұл келіп түскен істердің жалпы санының  - 23%, сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдану туралы -20%,  салықтық далар бойынша- 11% құрайды.

Көптеген істер- 268 МАӘС – қа келеді.

 Шешім шығарумен 74  істер қаралды, оның ішінде 31 талапкерлердің арыздары қанағаттандырылды, ал 43 талап бойынша қанағаттандыраусыз қалдырылды.

4 іс бойынша тараптар дауларды бейбіт жолмен реттеді, 24 іс бойынша жеке ұйғарымдар шығарылды,  5 іс бойынша қатысушылардан ақшалай өндіріп алынды.

Мысалы, талап қоюшы А. полиция қызметкерінің іс-әрекеттеріне шағымдану туралы іс бойынша, бітімгершілік келісімімен аяқталды.

 Мәселен,  азамат А., полиция қызметкерінің автокөлікті алу жөніндегі іс-әрекетімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаудан бас тартуымен келіспей, Орал қаласының МАӘС-қа шағыммен жүгінді, ол өз қаулысымен полиция қызметкерінің автокөлікті алып қою әрекеттерін заңсыз деп тандады.

Талапкердің полиция басқармасына автокөлікті қайтару туралы бірнеше рет жүгінуі ештеңеге әкелмеді, осыған байланысты талапкер заңсыз алынған автокөлікті беруден бас тарту туралы сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Соттың белсенді рөлімен тараптар бітімгершілік келісімге келді, оның шарттары бойынша полиция басқармасы татуласу туралы келісімге қол қойылған сәттен бастап, 1 күн ішінде автокөлікті айыппұл тұрағында сақтағаны үшін оған ақы төлемей қайтаруға міндеттенді, ал талап қоюшы өз кезегінде жайапкерден төленген мемлекеттік баж сомасын өндіріп алудан бас тартты.

Көпбалалы отбасының құқығын қалпына келтірудің мысалы келесі іс болып табылды. Іс материалдарынан. Талап қоюшы «көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж деп кезекке қойылған. Алайда, біраз уақыттан кейін талап қоюшыға тұрғын үй комиссиясының хаттамалық шешімінің негізінде қала әкімінің қаулысымен жұбайының атында жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы бар деген себебімен кезектен алынған. Алайда, жауапкер талапкердің  «көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелгенін ескермеген.

Сот, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73 бабының тұрғын жайға мұқтаж деп танылған және есепке қойылған көп балалы отбасылар тұрғынжай алғанға дейін есептен, жұбайының атына тіркелген үйдің 36 шаршы метр ауданың, отбасы құрамында бес кәмелетке толмаған балаларының барын ескеріпғ Қаулының күші жойды.

Аталған уақытта адвокаттармен, сот орындаушылармен, жергілікті атқарушы билік органдарымен түсіндіру сипатындағы іс-шаралар өткізілді, судьялар жергілікті теледидарда және газет беттерінде сөз сөйледі..

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі