БҚО соттары кезекті аумақты абаттандыру бойынша сенбілік өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс- Қазақстан облысының соттары мен сот қызметкерлері санитарлық тазалау және аумақтарды абаттандыру бойынша  апта сайын іс-шараларын ұйымдастырады.

Демалыс күндері ағаштарды отырғызу және әктеу, қоршауларды, турникеттер мен тіреуіштерді, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктерді сырлау жұмыстары жүргізілді.  Жақын жатқан саябақтағы ағаштар мен бұталарды кесіп, жаз бойы жиналған қоқыстан тазалап, жерді  алдағы қысқа дайындап, тротуарлар  мен тұрақ алаңдары тазаланды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі