Жаңа пилоттық жоба талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық сотында «Казталов аудандық жастар кеңесі» ЖҚБ-нің, «Тоғжан» қоғамдық бірлестігінің, «Омай» қоғамдық бірлестігінің» және  құқық қорғау органдарының өкілдерінің және аудандық соттың судьяларымен кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізу» тақырыбында   дөңгелек үстел өтті.

Шарада барысында аудандық соттың төрағасы Р.Хайырбеков 26.01.2017 жылы ҚР Жоғарғы Соттың Төрағасымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесін бекіту туралы» өкімге қол қойылғанын айтты. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты мен міндеті татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделілігін анықтау болып табылады. Сонымен бірге, медиацияны жүргізуді қажет ететін даулардың санаттары талқыланды.

Шара соңында қатысушылар дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқыға салды.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі