Қылмыстық процессті тиімділігін арттыру шеңберінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотында қылмыстық істерді сотқа дейін тергеп-тексеру және қылмыстық процестегі азаматтырдың мүддесін оңтайландыру мәселелерін көздей отырып, осы санатты істердің түсуі мен сотта қысқартылған тәртіппен қаралуларына бағытталған   жұмыстар өткізілуде..

Жеделдетілген іс жүргізуді барынша қолдану  бұл, ең алдымен жеделдетілген  сот төрелігін атқаруда тергеу барысындағы әуре-сарсаңды жояды, мемлекеттіңде және қылмыстық процеске қатысушылардың сот өндірісіне қатысты шығындарды азайтады .

Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру  түсінігі онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер  жасаған адам өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залал мөлшерімен келіскен жағдайда қолданылады.

Ағымдағы жылдың 8 айында Орал қалалық соты қысқартылған тәртіппен 144 қылмыстық істі қарады (бұлар меншікке қарсы қылмыстар, жеке тұлғаға қарсы және т.б.). Бұл ретте өсу байқалады, және бұл инстутттың тиімділігін көрсетіп отыр.

Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесстің тиімділігін арттыру үшін және жеделдетілген іс жүргізу тәртібімен келіп түсетін қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтар туралы, прцоессуалдық келісім жасалған істер бойынша материалдарды зерделеу ІІБ-де кезекші прокурорлармен жүргізіледі, кейін ол істерді өздері сотқа жолдайды. Орал қалалық сотының өндірісіне тамыз айында осындай 11 іс түсті.

Жалпы осы шаралар сот ісін жүргізудің ашықтығын, тиімділігін  және қолжетімділігін жүзеге асыруға бағытталған  жарқын үлесі мен қолжетімділігінде маңызды қадам болып табылады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі