Орал қалалық сотында сот үкімдерінің айыппұл жазасын тағайындау бөлімінің орындалу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотында қылмыстық істер бойынша тағайындалған  айыппұл жазасын орындау мәселелері туралы судьялар, облысымыздың мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарды төрағаның м.а. Руслан Жұмағұлов ашып шараның сот үкімдерінің мемлекет пайдасына берешекті уақыты орындау мақсатында ұйымдастырылғанын айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 76б. 3б. сәйкес  соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының күші Республиканың бүкіл аумағында міндетті болады.  Атқару құжатын орындамағаны үшін борышкер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Р.Жұмағұловтың айтуынша бүгінде Орал қалалық сотының өндірісінде айыппұл жазасы тағайындалған 38 сот үкімі шықты, соның арасында 10 сот актісі – орындау барысында, олардың бөлігі 2017 жылдың 01 шілдесінен бастап Қылмыстық Кодексінің кейбір баптарының әкімшілік бұзушылық санаттарына көшуіне байланысты қысқартылуға жатады.  Сондықтан борышкерлер атқару өндірісін әрі қысқарту үшін сотқа заңның кері күшін қолдану туралы өтінімімен жүгінгені жөн болар еді.

Кездесу барысында қатысушылар атқарушылық өндірістің айыппұл өндірудегі, процессуалдық шығындар, мемлекеттік баж, мемлекет пайдасына өндіріліетін басқа төлемдер, сондай ақ мүлкін тәркілеу бөлігінде  мерзімдерін, тәртібін  талқылады. «Электрондық атқарушылық парағы» сервисін қолдану  және ескертпелер бойынша жұмыста туындаған сұрақтар көтерілді.

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 39 бабына сай атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс.

Осыған байланысты мемлекеттік және жеке сот орындаушыларға  сот актілерін тиісті түрде орындауды тұрақты қадағалауды тапсырды. Ұзақ уақыт орындамау немесе сотталғандармен сот актілерін орындаудан жалтарған жағдайда, шараларды қолдану қажет. Айыппұл төлеуге жалтарып жүрген сотталғандарға қатысты  сот орындаушысы сотқа ҚР ҚК-не сай, басқа жаза түрімен ауыстыру  туралы ұсыныммен жүгіну қажет.

Туындайтын сұрақтар бойынша шешімдерді қабылдау мақсатында шараға қатысушылар әрі қарай ынтымақтастықты жалғастырып, осы тектес кездесулерді тұрақты өткізу туралы шешімге келді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі