Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған.

Казталов аудандық сотында ӘҚБтК-нің 669-бабымен құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында аңықталғандай, құқық бұзушы сот бұйрығы бойынша талапкердің пайдасына балаларын асырап тәрбиелеу үшін 25000 теңге төлеп, қалған уақытта алиментті мүлдем төлемей, сот шешімінің талабын орындау үшін ешқандай шара қолданбай, жалпы алиментке жиналған 1 969 929 тенге берешекті 18.04.2017 жылға дейін  төлемей, сот актісінің талабын орындамаған.емеген, яғни атқару құжатының талабын орындамаған.

Сотта құқық бұзушы жасаған әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттерін толығымен мойындады.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі