Облыстық соты төрағасының Астана күнімен құттықтауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрметті оқырмандар!

6 шілдеде біздің еліміз мемлекетіміздің ең маңызды мерекелерінің бірі-Астана күнін атап өтеді

Баршаңызды мереке күнімен құттықтаймын!

2006 жылдан бастап Астана күні жыл сайын атап өтіледі. 1994 жылғы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңесте Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданып, қала кейінірек Астана деген атауға ие болды. 6 шілде - бұл сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.

Бүгінде Астана - шығыстың және батыстың мәдениетін ұштастырған, қазіргі заманғы және бірегей сәулетті ғимараттарымен қазақстандық брендке айналған әлемнің ең әдемі қалаларының бірі.

"Еліміздің жауһары» - экономикалық және саяси жаңарудың авангарды болып табылады. Бұл көз жауын алатын сәулетті ғимараттар мен ең батыл жобаларды іске асырған, барлық шетелдік инвестицияларды тартқан, Қазақстанның қалыптасқан саяси және экономикалық орталығы.

Мен Қазақстан тұрғындарына бейбітшілік, ашық аспан, жақсылық, өзара түсіністік, денсаулық, бақыт және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақапараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тегтер: