Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 соты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасаған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 73 б. 1, 2 б. бір жылда екі рет әкімшілік жазаға тартылған тұлға бола тұра, қайтадан арақ ішкен мас күйінде отбасы мүшелерін  былапыт сөздермен балағаттап, ар-намыстарына тиіп, жанұя тыныштығын бұзған.
Сот қаулысымен құқықбұзушы ҚР ӘҚБК-нің 73-бабының 2 бөлігімен  кінәлі деп танылып, 3 тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен қатар, құқық бұзушыға қатысты мінез-құлқына ерекше талап қойылып, жергілікті полиция қызметі басшысының  өтініші қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі