Кәсіби емес медиаторлармен және ҮЕҰ-нің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық ауданының әкімшілігінің ғимаратында аудан әкімінің орынбасары   Т.Габдушевтың төрағалық етуімен  аудандық соттың төрағасы А. Куликешев, Ақжайық аудандық № 2 сотының төрағасы Т.Гумарованың  және аудан бойынша тіркелеген кәсіпқой емес медиаторлардың, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің медиация кабинетінің меңгерушісі Т.Италиева, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің кәсіби емес медиаторы Р.Аристангалиева, мемлекеттік органдардың басшыларының, ҮЕҰ, БАҚ  өкілдерінің қатысуымен  дөңгелек үстел өтті.

Аудан әкімінің орынбасары аудандағы кәсіби емес медиаторлардың жұмысына арналған отырысты ашып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сәйкес, өткен жылдың 30 маусымында ҚХА мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты елімізде медиация институтын дамыту жайлы меморандумға, сонымен қатар осы бойынша іс-қимыл жоспарына қол қойғанын атады. Тараптарды сотқа жеткізбей ымыраға шақыруда тиісті меморандумдардың да мүмкіндігін кеңейту елімізде басты назарда тұрғанын, осы мақсатта өткен жылы Ақжайық ауданы сотының төрағасы мен аудан әкімі, сондай-ақ аудан әкімдігі мен 18 ауылдық округ әкімдіктері арасында меморандумға қол қойып, аудан бойынша 18 медиация кабинетінде қызмет ететін 46 кәсіби емес медиаторлардың тізімі жасақталғанын жеткізді. 

Отырыста сөз алған төраға А.Куликешев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында сот тәртібімен қаралатын даулардың санын қысқарту, яғни татуластыру рәсімдерін дамыту бойынша медиацияның орны айрықша екенін, сотпен қаралатын қылмыстық және азаматтық істер бойынша медиация заңының қолданылуы аясымен айырмашылықтарын, медиатор кабинетінде де ресімделген медиация, дау-шарды  бекіту туралы келісім шарт жасақталуы тиістілігін, тараптардың қолдарымен бекітіліуі керектігін түсіндіріп өтті. 2017 жылдың  26 қаңтарында Жоғарғы Сот Төрағасымен бекітілген даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын жүзеге асыру туралы ережесіне сай қаралатын істердің саннаттарына да тоқталып, толық ақпарат берді.       

Сот төрағасы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ауданымыздың беделді медиаторларының қатысуларымен бірқатар қылмыстық және азаматтық істер бітімгершілікпен аяқталып, іс жүргізу тоқтатылғанын, өмірлік тәжірибесі мол қоғамдық медиаторлардың, атап айтқанда, Ж.Қажығалиев, Қ.Бисеғалиев, Х.Кадисов, С.Тілекеевалардың қатысуымен тек өткен жылы 40-қа жуық азаматтық іс, 20-дан астам қылмыстық іс медиация заңы негізінде өндірістен тоқтатылып, тараптар даулы мәселелерін бейбіт жолмен шешім тапқанын жеткізді.

Шара барысында қатысушылар басқа да сұрақтарға жауап алып, медиаторлардың жұмысын жандандыру, халықты  ақпараттандыру ескерілді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі