Қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданарылық сотында «Медиация дауларды реттейтін тәртіп» тақырыбында «Ақ отау» Жанұя орталығы» және «Ана үйі» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.         

Кездесуді алғы сөзбен ашқан судья Б.Ермаханов медияция-екі тараптың келісуімен және медияция туралы келісім жасасуымен реттелетіндігін айтты. Медияция келісімінде көрсетілген шеңберде медиаторға медияция жасауға байланысты шығындар өтеледі және онымен қоса үстемақы төленеді.

Сот приставы А. Нұрланұлы өзінің баяндамасында, медияцияның ірі бизнес саласынан бастап, неке бұзу кезінде мүлікті бөлуге дейінгі түрлі жағдайларда қолданылатынын атап өтті.

Кеңсе меңгерушісі Қ.Байғабылов «Медияция туралы» Заңы қабылданғаннан бастап, азаматтардың сотқа дейінгі дауды реттеу мүмкіндігі пайда бола бастағанын айтты. Азаматтық, еңбек, неке қатынастары және басқада құқық қатынастары, сонымен қоса ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар бойынша іс жүргізуде бітімгершілік рәсімдері қолданылады.

Шара соңында судья дөңгелек үстелге қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: