Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың жартыжылдық жұмысы қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың 6 ай жұмыс қорытындысы бойынша аумақтық БАҚ өкілдеріне брифинг өтті.

Брифингке «Қазақстан-Орал» телеарнасының және «Приуралье» газетінің тілшілері қатысты.

Соттың төрағасы Қайрат Шалқаров статистикалық мәліметтерге тоқталып,   2017 жылдың соңғы 6 айында сотта 40 тұлғаға қатысты 22 қылмыстық іс қаралып, 31 тұлғаға қатысты 20 қылмыстық іске айыптау үкімі, 8 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша прокурорға қайтару туралы,. 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жолдау туралы қаулы шығарылғанын және 31 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын хабарлады.

Сонымен қатар, жоғарыдағыларды негізге ала отырып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел адамдардың қатысуымен және кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қылмыстық істердің қаралмағанын айтты. Алқабилердің  қатысуымен  2 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс қаралған.

Төраға БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, брифингке белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: