Бір күнде екі әкімшілік құқықбұзушылық орын алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қ. мамандандырылған әкімішілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 610 б.3 б. және 611 б. 3 б. азаматшаға қатысты екі әкімшілік іс қарады.

Сотта белгілі болғанындай құқықбұзушы әйелдің көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпей, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен келе жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншінің денсаулығына зиян келтіріп, болған жол көлік оқиғасы жөнінде ішкі істер органдарына хабарламай, оқиға орнын тастап кетіп қалған.

Нәтижесінде, кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргіншінің денсаулығына сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сай жеңіл дәріжедегі зиян келтірілген.

Сөйтіп, ол жауапкершілігі ҚР ӘҚБтК-нің 610 б. 3 б., 611 б. 3 б. көзделген ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылы №1196 Қаулысымен бекітілген ҚР жол жүру Ережелерінің 14.1 және 2.1.8 тармақтарын бұзған.

Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын жәбірленішінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған бұзушылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 3 бөлігімен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзі қатысушы болып табылған жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу ҚР ӘҚБтК-нің 611 б. 3 б. сәйкес бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке әкімшілк қамаққа алуға әкеп соғады.

Сот қаулыларымен құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 610 б. 3 б. жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 42 420 теңге көлемінде айыппұл салынды, ҚР ӘҚБтК-нің 611 б. 3 б. айылық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 212 100 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тегтер: