Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі туралы тұрғындар арасында насихаттау жұмыстарын жалғастыру бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен  кездесу өтті.

ХҚК орталығының өкілдері, интернет желіге шығуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға талап арызды (өтінішті), шағымдар мен өтініштерді жолдау барысында білікті маман тәжрибелік және консультациялық көмек көрсететін өзін-өзі қызмет ету бұрышы ұйымдастырылғанын хабарлады.

Соттың кеңсе меңгерушісі Олжас Қадесов азаматтарға  мобильді құрылғы арқылы сот органдары ұсынатын сервистерге шығуға мүмкіндік беретін Мобильді «Сот кабинеті» қосымшасының барын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Қосымша жеке және заңды тұлғаларға Жоғарғы соттың сайтында және Apple (Apple Store) мен Google (Play Market) ресми ресурстарында қолжетімді.

Кездесуді қортындылай келе, соттың жетекші маманы А. Гарифуллина аталған сервис арқылы түсетін құжаттар саны көбейгенін атап өтті.

Өткен жылмен салыстырғанда «Сот кабинеті» арқылы түскен құжаттардың саны екі есе көбейген.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі