Теректі аудандық №2 соты

Кәсіпкерге айыппұл салынды

13/11/2015
Теректі аудандық №2 соты ӘҚБтК-нің 282 бабы 3 бөлігі 7 тармақшасымен әкімшілік іс қарады.
Іс құжаттары бойынша, жеке кәсіпкер – оған тиесілі Ақжайық ауылында орналасқан тамақ дүкенінде, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзып, алкоголь өнімдерін ілеспе құжаттарынсыз сақтаған және сатқан.

Мемлекеттік қызметшiлердiң ар-намыс кодексі бойынша семинар өтті

11/11/2015
Теректі аудандық №2-ші сотында сот мамандары арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі талаптарын және іскерлік киім кию үлгісін сақтау» тақырыбында семинар өтті.

Ата-аналық міндетін тиісті атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылды

09/11/2015
Теректі аудандық №2 соты ҚР ӘҚБтК-нің 127 б. 2 б. бойынша бір жыл ішінде қайталап әкімшілік құқықбұзушылық жасап,  дәлірек айтқанда, балаларын қараусыз қалдырып, ата-аналық міндетін дұрыс орындамаған, Ақжайық ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарады.
Іс құжаттары бойынша, құқық бұзушы асырауындағы кәмелетке толмаған үш баласын, 1990 жылы туған үлкен ұлының қарауына тастап, өзі азаматтық некедегі күйеуінің үйінде тұруға кетіп қалған.

Көлік жүргузі құқығынан айырылды

03/11/2015

Теректі аудандық №2-ші соты ӘҚБтК-нің 611 бабы 1 бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттары бойынша, құқық бұзушы автокөлікпен жайылып жүрген жылқыға соқтығысып,  оқиға орнынан кетіп қалған.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындап, қасында болған жолдасы жарақат алуына байланысты оны ауруханаға жеткізу үшін оқиға орнынан кетіп қалғанын көрсетті.

Оқушылармен кездесу

20/10/2015

Теректі ауданының №2-ші сотының кеңсе меңгерушісі Н.Тогизакова Ақжайық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекторы Б.Хайруллинамен Ақжайық орта мектебінің 10-шы сынып оқушыларының ашық сабағына қатысты.

Ашық сабақ «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі және олардың құқықтық білімі» тақырыбында өтті.

Кеңсе меңгерушісі Н.Тогизакова оқушыларға әкімшілік құқықбұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік жөнінде айтып, оқушылардың көптеген  сұрақтарына жауап берді.

Несие бойынша берешек өндірілді

19/10/2015

Теректі аудандық №2 соты «Дебиторлармен жұмыс жасау бюросы» ЖШС-нің несие борышын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

«Сбербанк» АҚ  банктік қарыз шарты негізінде жауапкерге 36 ай мерзімге 110 000 теңге тұтыну несиесін берген. Алайда, жауапкер шартта көрсетілген өзіне тисті міндеттерді белгіленген мерзімде орындамаған.

Сотта жауапкер талапты мойындап, жағдайына қарай берешек  ақшаны төлейтіндігі жөнінде қол-хат жазып берді.

Жүргізу куәлігісіз көлік басқарғаны үшін 20 тәулік қамауға алынды

19/10/2015

Теректі аудандық №2-ші сотында азамат Ишангалиевке  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы Ишангалиев Теректі ауданы, Ақжайық ауылында көлік құралын алкогольдік масаю күйінде, жүргізу куәлігісіз басқарған. Жол полициясының анықтамасына сәйкес, Ишангалиевке көлік жүргізу куәлігі берілмеген.

2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша пресс конференция

15/10/2015

Теректі ауданының №2-ші сотының төрағасы И.Қ.Ниязғалиев 2015 жылдың 9 айының  сот жұмысы қорытындысы бойынша  аудандық «Теректі жаңалығы» газеті тілшісі М.Жұбандықовтың қатысуымен пресс конференция өткізіді.

Кездесу барысында 2015 жылдың 9 айында қаралған істер бойынша сотта 14 қылмыстық іс қаралып, оның 3 қылмыстық іс теріс қылықты әрекеттер жасаған 3 тұлғаға қатысты, 13 тұлға әр түрлі жазаларға оның ішінде, 3 тұлға қоғамдық жұмысқа, 8 тұлға бас бостандығынан шектеу жазасына, 2 тұлға бас бостандығынан айырылуға сотталды.

Алименттен босату туралы талап арыз

21/08/2015

Теректі аудандық №2-ші сотына А.Даумовтан жолдасының пайдасына төлеп отырған алименттен босату туралы талап арыз келіп түсті.

Талапкер 2014 жылдың мамыр айынан бастап өзінің баласының және жолдасының пайдасына баласының үш жасқа толғанға дейін алимент төлеп отырғаны көрсетті.

Талапкер өзінің материалдық жағдайының нашарлағанына және жолдасының кәзіргі кезде туберкулезге қарсы диспансерде есепте тұрмайтындығына байланысты талап арыз ұсынған.

Біліктілік талаптарын қатаңдату бойынша дөңгелек үстел өтті

21/08/2015

 

Теректі аудандық №2-ші сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамын» орындау және сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатаңдату» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Беттер