Теректі аудандық №2 соты

Жүргізу куәлігінсіз трактор басқарғаны үшін қамауға алынды

27/04/2016

Теректі аудандық №2-ші сотында Ақжайық ауылының тұрғынына  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 б. 6 б. жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы «Т-40М» маркалы трактор көлігін  алкогольдік масаң күйінде, жүргізу куәлігінсіз басқарған.

Ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған

27/04/2016
Теректі аудандық №2-ші сотында ҚР ӘҚБтК-нің 127 б. 1 б. (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң
балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) жинақталған әкімшілік іс қаралды.

Сот дауды реттеу туралы келісімді бекітті

27/04/2016

Теректі аудандық №2-ші сотында 77 950 теңге бережақ соманы өндіру туралы  азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттары бойынша, жауапкерлердің жасы кәмелетке толмаған балалары талапкердің үйіне заңсыз кіріп, ұрлық жасап, 77 950 теңгеге материалдық залал келтірген.

Сот қызметкерлері арасында семинар өтті

27/04/2016

Теректі аудандық №2-ші соты қызметкерлері арасында соттарының әкімшілік ғимараттары мен оларға тиесілі аумақта түрлі тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы жадынаманы талдау туралы семинар сабағы өтті.

2016 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы жөніндегі брифинг

15/04/2016

Теректі аудандық №2-ші сотының төрағасы И.К.Ниязғалиев жергілікті «Теректі жаңалығы» газетінің тілшісі М.Жұбандыковпен 2016 жылдың 1-ші тоқсанында  атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында статистикалық мәліметтерге сәйкес  2016 жылдың 1-ші тоқсанында  20 азаматтық іс қаралып, бұл 2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  21 іске аз болып келетіні айтылды. Қайтарылған арыздар саны 3. Медиация тәртібімен 2 азаматтық іс қысқартылды.

Учаскелік инспекторлармен семинар өтті

12/02/2016

Теректі аудандық №2-ші соты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды және жеке айыптаудағы шағымдарды әзірлеу» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Семинарға сот төрағасы И.К.Ниязгалиев, судья Е.Г.Усманов, сот мамандары және Ақжайық полиция бөлімінің  учаскелік инспекторлары қатысты.

Аудандық сотта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы талқыланды

10/02/2016

Теректі аудандық №2-ші сотының төрағасы И.К.Ниязгалиев судья Е.Г.Усмановтың және сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңың негізгі бағыттарын түсіндіру жөнінде семинар өткізді.

Заңдастыру келісім шарттары заңсыз деп танылды

02/02/2016

Теректі аудандық №2-ші сотында талапкер Теректі ауданының әкіміне және «Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не жылжымайтын мүлікті және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін  рақымшылық ету комиссиясының шешімідерін  заңсыз деп танып, мемлекеттік тіркеуді бұзу туралы талап арызы қаралды.

Медиация тәртібімен татуласты

14/01/2016

Теректі аудандық №2 сотында ҚР ҚК-нің 108 бабымен денсаулыққа жеңіл түрде зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке айыптау бойынша үш қылмыстық іс қаралды.

Барлық үш іс бойынша тараптар кәсіби емес медиатор арқылы өзара татуласты.

Сот қылмыстық істерді қысқартып, айыпталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Сот көтерме жәрдемақыны және бюджеттік несиені өндірді

29/12/2015

Теректі аудандық №2 сотына «Теректі ауданының қаржы және экономика» ММ-сі жауапкер И-ден Теректі ауданының Әкімінің қаулысы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін берілген көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй алуға арналған бюджеттік несиені өндіру туралы талап арыз келтірілді. 

Беттер