Теректі аудандық №2 соты

Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды

11/12/2015

Теректі аудандық №2-ші сотына пробация қызметінің  ҚР ҚК-нің 191 бабы 2 бөлімі 1,3 тармақтары бойынша 3 жыл 6 айға бос бостандығынан шектеу жазасына сотталған аз. М-ға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы келіп түсті.

Теректі аудандық №2-ші пробация қызметі сотталған аз. М-ға ескертусіз Орал қаласына кетіп қалғаны үшін, жазбаша түрінде ескерту берген.

Ақжайық ауылдық округінің әкімшілігіндегі дәріс

10/12/2015

Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу күні атап өтіледі. Бұл күні мексиканың Мерида қаласында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ-ның конвенциясына қол қойылуы ашылды.

Осы күні Ақжайық ауылдық округінің әкімшілігінде Теректі аудандық №2-ші сотының кеңсе меңгерушісі Н.Е.Тогизакова «Сыбайлас жемқорлыққпен күресу-тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы» тақырыбында дәріс оқыды.

Бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

07/12/2015

Теректі аудандық №2 соты ҚК-нің 106 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қарады.

Теректі ауданының тұрғыны араларында туындаған жанжал кезінде күйеуінің кеуде тұсына және ішіне  пышақпен үш рет соққы жасаған.

Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы мен жәбірленушінің арасында процессуалдық келісім жасалды.

Теректі аудандық №2 соты сотталушыны ҚР ҚК 106 б. 1 б. көзделген қылмысты жасағандығы үшін айыпты деп танып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу қою жазасын тағайындады.

Бір жылға көлікті жүргізу құқығынан айырылды

07/12/2015

Теректі аудандық №2 соты ӘҚБтК-нің 611 бабы 1 бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Іс құжаттары бойынша, Сырым ауданы Жымипиты ауылының тұрғыны Самара-Шымкент тас жолында Фольксваген Пассат автокөлігімен Беларус Республикасының азаматы басқарып келе жатырған жүк көлігіне соқтығысып, оқиға болған орнынан кетіп қалған.

Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 611 бабы 2 бөлігімен айыпты деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан  айырды.

Тұңғыш Президент күніне арналған шахмет пен дойбы жарысы

27/11/2015

Теректі аудандық №2 сотыylf Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған шахмет пен дойбы ойын өтті.

Шараға судьялар мен сот мамандары, прокуратура, пробациялық қызмет өкілдері,  учаскелік полиция қызметкерлері және сот орындаушылары қатысты.

Женімпаздарға сот ұжымынан мадақтама қағазы мен сыйлықтар табыс етілді.

 

 

Алимент көлемі азайтылды

26/11/2015

Теректі аудандық №2 сотына аз. Х-дан алимент көлемін азайту туралы талап арыз түсті.

Азаматтық іс құжаттары бойынша аз. Х. бұрынғы жұбайының пайдасына, оны материалдық жағынан қолдауға, ұлы үш жасқа толғанға дейін алимент өндірілген. Сондай-ақ, аз. Х. ұлы кәмелет жасқа толғанға дейін алимент төлеп отыр.

Талап арызда аз. Х. бұрынғы жұбайына төленетін алимент көлемін 7 АЕК-тен 2,5 АЕК мөлшеріне кемітіп, өзінің күн көруіне  табысының 50 пайызын қалдыруды сұрайды.

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған дөңгелек үстел өтті

25/11/2015

Теректі аудандық №2 сотында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға судьялар, сот мамандары, аудандық прокурордың көмекшісі Т.Ниязбаев, Ақжайық полиция бөлімінің бастығы К.Жақсымбетов, сот орындаушысы Е.Карекесов, Теректі аудандық №2-ші пробациялық қызметінің өкілі Т.Курманалиев, Теректі аудандық ІІБ-нің орынбасары С.Елембаев қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

18/11/2015

Теректі аудандық №2 соты ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қарады.

Іс құжаттары бойынша, азамат Б., Шағатай ауылында орналасқан «Чапаев асыл тұқымды мал зауаты» ЖШС-де аға малшының көмекшісі болып қызмет жасап жүріп, 1 бас бұзауды ұрлап, жәбірленушіге 30 000 теңгеге мүліктік залал келтірген.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленушінің өкілі медиатор арқылы өзара татуласып, келісімге келіп, қылмыспен келтірген залалды толық өндірді.

Жаңа заңнаманы талдау жөніндегі семинар

13/11/2015

Теректі аудандық №2-ші сотында төрағаның м.а. Е.Г.Усмановтың, кеңсе меңгерушісі мен сот мамандарының және Теректі аудандық Әділет басқармасының басшысы м.а. Д.Дарханқызының қатысуымен жаңа Азаматтық–процестік кодексті талдау  бойынша семинар өтті.

Семинарда жаңа кодекстің «Іске қатысушы тұлғалар», «Істі сот талқылауына дайындау» және «Соттың шешімің орындау» тараулары талқыланды.

Беттер