Теректі аудандық №2 соты

Ауылдық округтердің әкімдерімен «дөнгелек үстел» өтті

19/05/2016

Теректі аудандық №2-ші сотының төрағасы И.Ниязғалиев ауданының бес ауылдық округтерінің әкімдері және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен Ақжайық ауылының әкімшілік ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде «Медиация заңының қолдану саласы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Атқару құжатын орындамағыны үшін әкімшілік қамауға алынды

13/05/2016

Теректі аудандық №2-ші соты ӘҚБтК 669-бабымен атқару парағын орындамау бойынша аудан тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, атқару парағы 2015 жылғы бережақты өндіру туралы азаматтық іс бойынша шығарылған.

Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды

12/05/2016

Теректі аудандық №2-ші соты пробация қызметінің  ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша (ұрлық) 2 жыл 6 айға бос бостандығынан шектеу жазасына сотталған азаматқа қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін мерзімнен  бұрын  шартты  түрде  босату  туралы ұсынысы бойынша материал қарады.

Ұлы Жеңіс күні

09/05/2016

Ұлы Жеңіс күні Теректі аудандық №2-ші сотының ұжымы Мәңгілік алау монументіне гүл шоқтарын қойды.

Гүл шоқтарын қою салтанатында Теректі ауданы Ақжайық ауылының барлық мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары қатысты.

Соғыс ардагерін құттықтады

06/05/2016

Ұлы Жеңіс күні қарсанында, Теректі аудандық №2-ші сотының төрағасы И.Қ.Ниязғалиев, Сырым ауданында туып-өскен, қазіргі таңда Теректі ауданы, Ақжайық ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Лев Иванович Дорофеевпен кездесті.

Сот дәрігерлік анықтаманы заңсыз, көлік жүргізу куәлігін жарамсыз деп таныды

04/05/2016

Теректі аудандық №2-ші сотында талапкер БҚО ІІД-ның жауапкерлер «БатысАвиГип» ЖШС, азамат Е-ге берген дәрігерлік анықтаманы заңсыз, көлік жүргізу куәлігін жарамсыз деп тану және оны тапсыруға міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот орындаушының қаулысына санкция берілді

04/05/2016
Теректі аудандық №2-ші соты Теректі аудандық сот орындаушысының борышкерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға уақытша шектеу салу туралы қаулысын қарады.
Атқарушылық материалының құжаттарына сай, борышкер Мухамбетовтан бережақ ақшаны өндіру туралы  2012 жылы қаралған азаматтық іс бойынша қаулы шығарылып, борышкер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілген.

Учаскелік полиция қызметкерлерімен семинар өтті

03/05/2016

Теректі аудандық №2-ші сотының судьясы Е.Усманов Ақжайық полиция бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлері арасында «Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын азаматты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Беттер