шешім

Залал өндіру туралы талап арыз

01/07/2015

Талапкер «КазТрансГазАймак» АҚ  жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген шығынды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Іс материалдарына сәйкес, Газ-33021 маркалы автокөлік жүргізушісінің кінәсінен газқұбырының газ тіреуі зақымданған. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қауылсымен жауапкер газ құбырына зақым келтіргені үшін кінәлі деп танылып ,оған 10 АЕК айыппұл салынған. Акт бойынша акционерлік қоғамға келтірілген шығын көлемі 55 920 теңгені құраған.

Коммуналдық берешекті өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

26/06/2015

Орал қ. №2 соты берешек соманы өндіру туралы «Жайықжылуқуат» АҚ талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

«Жылу энергиясын пайдалану ережесінің» 33 т. сәйкес, тұтынушы ай сайын пайдаланған жылу қуаты үшін төлем жасауға міндетті. Жауапкердің міндетті орындамауына байланысты 01.10.2012 жылдан 01.11.2014 жыл аралығында жылу қуатына берешек сомасы 98 804 теңгені құраған.  

ҚР АК 272 б. сәйкес, міндет тиісті түрде заңнама талаптарына және міндеттеме шарттарына сай орындалуы қажет.

БҚО Тасқала аудандық сотымен көтерме жәрдемақы және бюджеттік несие өндірілген

10/04/2015

«Тасқала аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ азамат А.-дан көтерме жәрдемақы және бюджеттік несиені өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді, 2012 жылы жауапкерге ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген маман ретінде Тасқала аудандық саз мектебінде кемінде 5 жыл мерзімге қызмет істеу талабымен әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған.

Берешекті өндіру ішінара қанағаттандырылды

09/02/2015

Казталов ауданының №2 соты талапкер «Finance" арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер Ж.Г.Бексултановадан несие борышын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Несие беру шартына сәйкес, «Альянс Банкі» АҚ  жауапкерге 81993 теңге заем ұсынған. Несие соммасын өтеу және сыйақы сомасын төлеу төлем кестесіне сәйкес жүргізілуге тиіс болған. Іс жүзінде жауапкер шартта көрсетілген міндеттерді белгіленген мерзімде орындамаған.

Сот талап арызды ішінара қанаттандыру туралы  шешім шығарды.

Заңдық маңызы бар факті анықталды

29/01/2015

Тасқала аудандық сотында заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы іс қаралды.

Сотта талапкер Ж.Айтенова 04.08.1980 жылдан 11.03.1996 жылға дейін Камен аудандық «Мир» кинотеатрда инженер болып жұмыс  істегенін, бұл туралы еңбек кітапшасында жазылып, мөр койылғанын көрсеткен. Алайда, Камен аудандық кинотеатрының  құжаттарды аудандық мұрағаттың мемлекеттік сақтауына тапсырмауынан, оның еңбек еткен жылдарын анықтауға басқалай мүмкіндік жоқтығын айтып, соттан анықтауын сұраған.

Жауапсыз әке ата-аналық құқығынан айырылды

28/01/2015

«Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мекемесі жауапсыз әкені ата аналық құқығынан айыру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс материалдарына анық болғандай, жауапкердің 2005 және 2007 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған балаларынының тәрбиесімен және оқытуымен айналыспауы салдарынан, екі бүлдіршін Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы қаулысымен отбасы үлгісіндегі балалар ауылына орналастырылып, бүгінгі күнге дейін сонда тәрбиеленіп келген.  

Қоршаған ортаға сыйластық танытпау, құқық бұзушылықты туғызады

22/01/2015

 

Зеленов аудандық соты ҚР ӘҚБтК 330 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Н.Утебаевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Құқық бұзушы Н.Утебаев мас күйінде Р.Мусакуловтың тарапына былапыт сөйдер айтып, автокөлігін теуіп, ескертуге мән бермей, айналасындағыларға сыйламаушылық танытқан.

Иесіз қалған мүлік коммуналдық меншікке ауысты

20/01/2015

 

Ақсай қаласының тұрғыны  С.  91 жасына қараған шағында 2007 жылдың мамыр айында қайтыс болған. Оның артында Ақсай қаласында жекешелендірілген пәтері қалған. Аталған жылжымайтын мүлікті  ешкім өсиет бойынша да, заң бойынша да мұраға қабылдамаған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1083 бабына сәйкес, егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса, не олардың бірі мұрадан бас тартса,  мұра иесiз қалған мүлік деп танылады.

Беттер