Борыш соммасын өндіру жөніндегі талап қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Тасқала аудандық соты борыш соммасын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Талапкер талап арызында жауапкердің өзінен 67 000 теңге қарызға алып,  30.12.2011 жылға дейін қайтаруға міндеттеніп, ол туралы қолхат бергенін айтқан. Алайда,  қайтару мерзімі өткеніне қарамастан, жауапкер  қиын материалдық жағдайларын лға тартып, өзіне алынған міндеттемені орындамай келген. Қазіргі кезде жауапкер отбасымен бірге   тіркеуде және тұрақты тұратын жерден көшіп кеткен. Талапкер соттан  өзінің пайдасына жауапкерден 67 000 теңге борыш соммасын,  10 800 теңге айып соммасын және 778 теңге мемлекеттік бажды қері қайтаруды сұраған.

Іс жауапкердің қатысуынсыз қаралды. Тасқала аудандық сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Жауапкерден 77 800 тенге борыш соммасы және 778 теңге мемлекеттік баж өндірілді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі