Берешекті өндіру ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 соты талапкер «Finance" арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер Ж.Г.Бексултановадан несие борышын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Несие беру шартына сәйкес, «Альянс Банкі» АҚ  жауапкерге 81993 теңге заем ұсынған. Несие соммасын өтеу және сыйақы сомасын төлеу төлем кестесіне сәйкес жүргізілуге тиіс болған. Іс жүзінде жауапкер шартта көрсетілген міндеттерді белгіленген мерзімде орындамаған.

Сот талап арызды ішінара қанаттандыру туралы  шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі