Құқықбұзушылық

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азаматқа айыппұл салынды

06/01/2016

Тасқала аудандық сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 517 б. 2 б. РФ азаматы В.А.Амбарцумянға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, шекара қызметкерлері №07 «Алматы Мәскеу» бағытындағы поезда жолаушылардың құжаттарын тексеру барысында ӘҚБтК-нің 517 б. 1 б. көзделген ҚР-да белгіленген мерзімнен астам ішкі істер бөлімінде тіркелмей, ҚР-ның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған, РФ азаматы В.А.Амбарцумянды ұстаған.

Әкімшілік жазаға тартылды

21/08/2015

Ақжайық аудандық №2 соты ҚР ӘҚБтК-нің 611 бабы 3 бөлімімен (көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің ЖКО болған жерден кетіп қалуы) жауапкершілікке тартылған құқықбұзушы Елемесовқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қарады.

Құқықбұзушы Елемесов бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырыла тұра,  «Volkswagen Passat»автокөлігімен бағытта ірі қара малын түйіп,  жол көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған.

Сот отырысында  құқық бұзушы өзінің кінәсін толықтай мойындады.

Бір күнде екі құқықбұзушылық жасаған

29/06/2015

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 593 б. 1 б.  құқықбұзушылық жасап, қауіпсіздік белдігін тақпай, көлік басқарған азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

03/02/2015

Ақжайық аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы ісі қаралды.

Чапаев ауылының тұрғыны жеңіл дәрежедегі алкогольдік мастық күйінде автокөлікті басқарған.

Құқық бұзушы сот мәжілісінің өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланғанына қарамастан, сот отырысына келмеген.  

Соттың қаулысымен аталған тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қоғамдық орынды ластаған жауапкершілікке тартылды

13/01/2015

 

Казталов аудандық сотының қаулысымен аудан тұрғыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабының  1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Құқық бұзушы Тереңкөл ауылдық округінің әкімшілік аппаратының ғимаратының ішінде темекінің қалдығын еденге тастап, қоғамдық орынды ластағаны анықталған..

Сот кінәліні бір тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын белгіледі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Туған қызын балағаттағаны үшін жазаланды

05/01/2015

 

Казталоваудандық сотыҚРӘҚБтК-нің 79-5 бабының 2 бөлігімен  көзделген азамат С. қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы С. үйінде ішімдік ішкен мас күйінде өз қызына  былапыт сөздер айтып, боқтап балағаттаған. Салдарынан әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 79-5б. 2б. қайталап құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған. 

Ұсақ бұзақылық жасап, айыппұл төледі

05/01/2015

 

Тасқала ауылының тұрғыны дүкеннің сатушысын балағаттап, ұсақ бұзақылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен аудан тұрғыны ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 3 айлық есептік көрсеткіште, яғни 5 556  теңге мемлекет пайдасына айыппұл салынды.

Қоғамдық тәртіпті бұзып, әкімшілік қамауға алынды

29/12/2014

Құқықбұзушы Ж. Марксов Тасқала ауданының Ақтау  ауылында аталған ауылдың тұрғынын еш себепсіз балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзыған және ұсақ бұзықылық жасаған.

Тасқала аудандық сотының  қаулысымен Ж.Марксов ҚР ӘҚБтК 330 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 5 тәулік қамауға алынды.

Ауылдасының намысына тигені үшін қамауға алынды

26/12/2014

Казталов аудандық соты ӘҚБтК 330 бабының 1 бөлімі бойынша азамат Е. қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарынан анық болғандай, Казталов ауданы Нұрсай ауылының тұрғыны өзінің ауылдасының үйіне келіп, еш себепсіз балағаттап, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

Сот азамат Е. ҚР ӘҚБтК 330б. 1б. кінәлі деп танып, әкімшілік жаза түрінде 2 тәулік қамауға алды.

 

Құқықбұзушы 20 тәулікке қамалды

11/12/2014

 

Казталов ауданының №2 сотында  Ж.-ға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ісі қаралды.

Іс материалдары бойынша Ж. масаю күйінде автокөлік жүргізгені үшін, жол полициясының қызметкерлеріне ұсталған. Сонымен бірге, оның көлік жүргізу құқығын растайтын құжаты болмай шыққан.                                                                                        

Беттер