Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азаматқа айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 517 б. 2 б. РФ азаматы В.А.Амбарцумянға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, шекара қызметкерлері №07 «Алматы Мәскеу» бағытындағы поезда жолаушылардың құжаттарын тексеру барысында ӘҚБтК-нің 517 б. 1 б. көзделген ҚР-да белгіленген мерзімнен астам ішкі істер бөлімінде тіркелмей, ҚР-ның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған, РФ азаматы В.А.Амбарцумянды ұстаған.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен В.А.Амбарцумян ҚР ӘҚБтК-нің 517 б. 2 б. кінәлі деп танылып, оған  әкімшілік жаза ретінде  31 815 теңге айыппұл салынған.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі